Құжат мәтініне өту

О повышении базовых ставок земельного налога

Өзге акт · № 163-26/10 · қабылданған 08.06.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 07.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122967/on/2026-09-07/
Басып шығарылды 2026-09-07 · adilet.kz
О повышении базовых ставок земельного налога Күшін жойған Өзге акт ·№ 163-26/10 ·08.06.2018
25.07.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
07.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О повышении базовых ставок земельного налога

Күшін жойған Өзге акт ·№ 163-26/10 · 07.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О повышении базовых ставок земельного налога
Атауы (қаз.)
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
163-26/10
Қабылданған күні
08.06.2018
Көрсетілген редакция
25.07.2022 122967_584569.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18LA006343
ЭКБ идентификаторы
122967
Редакция идентификаторы
122967_584569
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:09

0 Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджеттік төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-13) тармағына және Қызылорда қаласы әкімінің 2018 жылғы 7 маусымдағы №07-20/1880 хатына сәйкес, Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылорда қаласының аймағындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 503-бабында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерi 10 (он) есеге жоғарылатылсын.

2

2. «Пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы №77-12/4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5799 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер
комитеті Қызылорда облысы
бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің
Қызылорда қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасы» Республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
____________ Н.Нұрсейітов
«08» маусым 2018 жыл

Қолданыстағы