О переименовании Молодежного сельского округа и села Молодежное района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании Молодежного сельского округа и села Молодежное района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Молодежное ауылдық округін және Молодежное ауылын қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 18.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2018 123011_334354.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18S0004787
- ЭКБ идентификаторы
- 123011
- Редакция идентификаторы
- 123011_334354
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:02
0 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Молодежное ауылдық округін және Молодежное ауылын қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 1 маусымдағы оң қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мағжан Жұмабаев ауданының Молодежное ауылдық округі Мағжан ауылдық округі;
Мағжан Жұмабаев ауданы Молодежное ауылдық округінің Молодежное ауылы Жастар ауылы болып қайта аталсын.
2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» (бұдан әрі – Басқарма) және «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) коммуналдық мемлекеттік мекемелері мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;