О тарифной политике Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Белгіленген баға саясаты туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.06.2004 № 171 қаулысымен. Коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындар қызметін талдау көрсеткеніндей коммуналдық қызмет бағасының өсуіне 1997-2001 жылдар аралығы кезеңіндегі өндіріс көлемінің айтарлықтай құлдырауы әсер етті, әсіресе: - жылу қуаты - 1063,5 мың Гкал-дан 790,5 мың Гкал-ға; - электр қуаты - 622,7 млн. кВт. сағаттан 423,5 млн. кВт. сағатқа; - газ - 405,7 млн. текше метрден 381 млн. текше метрге; - су - 19,98 млн. текше метрден 15,5 млн. текше метрге дейін кемуі негізгі себеп болды. Табиғи монополия объектілері - барлық кәсіпорындар нақты көлемнен артыққа есептелген, ресурстар мен қуаттарды көп қажет ететін жабдықтарды пайдалануда (Орал ЖЭО-ың 30%, "Батыс Қазақстан РЭК" АҚ-ның 24,8%, "Оралоблгаз" АҚ-ның - 36,7% қуаттары ғана іске қосылған). Оларды ұдайы жоғары шығын деңгейі жағдайында пайдалану табиғи монополия субъектілерінің табысын кемітуге себепші болды. Бұл сонымен қатар әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету саласында кәсіпорындардың зиянмен жұмыс істеуіне, өнімдер мен қызметтер бағасының өсуіне әкеліп соқтырады. Негізгі өндірістік құралдардың тозуының жоғары деңгейі ("Жайықжылуқуат" ААҚ - 58%, "Батыс Қазақстан РЭК" ААҚ - 59%, "Оралоблгаз" ААҚ - 53%, "Суканал" басқармасында - 43%) нормадан тыс шығындарға жол беруде. Осындай жағдайда табиғи монополия субъектілерінің қаржы стратегиясы бағаны ұлғайтуға бағдар жасауда, бұл бір жағынан ұдайы төлемсіздік жағдайында ағымдағы қызметті қолдауға деген ұмтылыстан туындап отыр. Коммуналдық саладағы жоғарыда аталған келеңсіз факторлар айналым қаржысын тиімсіз пайдалануға әкеліп ұрындырады, амортизациялық аударымдарды іске қосылған активтерді қалпына келтіруге, нормадан тыс шығындарды кеміту жөніндегі шараларды жүргізуге, тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін қолда бар жүйелерді оңтайландыруға арнап мақсатты пайдалануға мүмкіндік бермейді. Коммуналдық қызметтер бағасын барынша азайту саясатын бұдан әрі жалғастыру кәсіпорындарды қайталанбайтын дағдарысқа ұшыратады. Жоғарыда баяндалғандарды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Елдегі жағдай және 2002 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы" Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында коммуналдық қызметтер бағасын кеміту жөніндегі берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің орынбасары (Качало), облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаменті (Дүйсембаев):
Тармақша 1
1) Орал жылу қуаты орталығын ("Жайықжылуқуат" ААҚ) қаржыландыруды жаңғырту мәселесін әзірлесін;
Тармақша 2
2) 2001-2002 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысына талдау жасасын, шаруашылық кешенінің келесі жылыту маусымына әзірлігі туралы облыс әкімияты қаулысының жобасын енгізсін;
Тармақша 3
3) коммуналдық сала кәсіпорындарының нормативтен тыс шығындарына талдау жасап, оны азайту мүмкіндігі туралы ұсыныс түсірсін;
Тармақша 4
4) пәтер иелерінің пайдаланған жылуға бәсеке ақы (жыл бойына бір деңгейде) төлеу тәртібін енгізу мәселесін қарасын.
Тармақ 2
2. Облыс әкімінің орынбасарлары А.Қ.Нұрғалиев, С.П.Качало, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік пен шағын бизнесті қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (Кондратенко):
Тармақша 1
1) табиғи монополия субъектілері - коммуналдық қызмет бағасының қалыптасуына ықпал ететін кәсіпорындар шығынына үнемі жан-жақты талдау жасасын. Төлемдерді негізсіз көтеруге жол берілмесін;
Тармақша 2
2) өндіріспен шұғылданбайтын делдалдардың (тредерлер) қатысуына жол берілмесін.
Тармақ 3
3. Табиғи монополия субъектілері - кәсіпорындарға мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) инвестиция тарту және өндірісті ресурстар мен қуаттарды үнемдейтін технологиямен техникалық жағынан қайта жабдықтау бағдарламасын іске асыру, өндірістік қуаттарды тиімді орналастыру жөніндегі жұмыстарды жандандырсын;
Тармақша 2
2) бір ай мерзімде бюджетке төлемдер бойынша мезгілінде төленбеген алымдарды өтеу, дебиторлық берешектерді, неғайбыл талаптар деп танылған қосымша құн салығы бойынша берешектерді есептеп шығару жөнінде шаралар алсын;
Тармақша 3
3) бухгалтерлік есеп қолданыстағы стандарттарға сәйкес қатаң жүргізілсін. Кәсіпорындардың экономикалық қызметі күшейтілсін.
Тармақ 4
4. Орал қаласының әкімі В.Қ.Мұқатаев пәтер меншіктенген кооперативтердің, құқық қорғау органдарының, табиғи монополия субъектілерінің өкілдерімен бірлесіп, коммуналдық қызметтерді заңсыз пайдаланып отырған азаматтарды анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізсін.
Тармақ 5
5. Бақылау шараларын қатайту мақсатында облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы (Кенжеғалиев), облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаменті (Дүйсембаев) табиғи монополия субъектілерінің негізгі құрал-жабдықтарына қатысты мүліктермен жасалатын барлық келісімдерді Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі департаменттің келісімі бойынша жүргізсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Нұрғалиевке жүктелсін.