Құжат мәтініне өту

О создании республиканского государственного учреждения «Государственный природный резерват «Иле-Балхаш» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Қаулы · № 381 · қабылданған 27.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123030/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О создании республиканского государственного учреждения «Государственный природный резерват «Иле-Балхаш» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 381 ·27.06.2018
27.06.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании республиканского государственного учреждения «Государственный природный резерват «Иле-Балхаш» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 381 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании республиканского государственного учреждения «Государственный природный резерват «Иле-Балхаш» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
381
Қабылданған күні
27.06.2018
Көрсетілген редакция
27.06.2018 123030_334427.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000381
ЭКБ идентификаторы
123030
Редакция идентификаторы
123030_334427
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:54

0 «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесін
құру туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алматы облысы Балқаш ауданының аумағында «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.

2 2. Мыналар:

1 1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 25024,0 гектар жер учаскелері су қоры жерлері санатынан;

2 2) «Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 340076,6 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан алынсын.

3

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Алматы облысы Балқаш ауданының аумағындағы жалпы алаңы 415164,2 гектар, соның ішінде Қараой мемлекеттік табиғи қаумалының аумағындағы 213603,9 гектар жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемеге тұрақты жер пайдалануға берілсін.

4

4. Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелері және Алматы облысы Балқаш ауданының жалпы алаңы 50063,6 гектар босалқы жерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік табиғи резерваттардың ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.

5

5. Алматы облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеменің айналасында және оның қорғау аймағында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде қорғау аймағын белгілеп, осы аймақтың шегінде экологиялық жүйенің жай-күйіне және оны қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектеу қойсын.

6 6. Мекемені қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп ұстауға республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен және соның шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын болып белгіленсін.

7 7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

8 8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

9 9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Алматы облысы Балқаш ауданының аумағындағы «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 27 маусымдағы
№ 381 қаулысына
қосымша
Алматы облысы Балқаш ауданының аумағындағы «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне
тұрақты жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің
экспликациясы
гектар
Ата­уы
Жал­пы ала­ңы
со­ның ішін­де
Ор­ман ал­қап­та­ры
Ор­ман­сыз ал­қап­тар
Ор­ман көм­кер­ген
со­ның ішін­де
Ор­ман ал­қап­та­ры­ның жиы­ны
Ша­бын­дық­тар
Жай­ы­лым­дар
Су астын­да
Өзге жер­лер
Ор­ман­сыз ал­қап­тар­дың жиы­ны
шоқ ор­ман­дар
ор­ман да­қыл­да­ры
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1. Ор­ман қо­ры жер­ле­рі (Ба­қа­нас мем­ле­кет­тік ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы ме­ке­ме­сі)
340076,6
70785.3
19020,5
-
89805,8
22510,0
190347,1
-
37413,7
250270,8
2. Босал­қы жер­лер (Қа­раой және Көк­тал ауыл­дық округ­те­рі)
50063,6
-
-
-
-
-
50063,6
-
-
50063,6
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
3. Су қо­ры жер­ле­рі (Бал­қаш-Ала­көл су ре­сур­ста­рын пай­да­ла­ну­ды рет­теу және қор­ғау жө­нін­де­гі бас­сейн­дік ин­спек­ци­я­сы)
25024,0
-
-
-
-
-
-
25024,0
-
25024,0
ЖИЫ­НЫ:
415164,2
70785,3
19020,5
-
89805,8
22510,0
240410,7
25024,0
37413,7
325358,4
со­ның ішін­де: Қа­раой мем­ле­кет­тік та­би­ғи қа­у­ма­лы ау­ма­ғын­да
213603,9
-
-
-
-
-
213603,9
-
-
213603,9

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 27 маусымдағы
№ 381 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-жолмен толықтырылсын:
«40. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі».

2

2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
8-бөлімде:
мына:
«
8
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
9536
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
5645
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
9600
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
5709
»;
мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын:
«
40)
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ
64
».

3 3. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 290-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
«Алматы облысы» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 23-1-жолмен толықтырылсын:
«
23-1
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты
415164,2
Балқаш ауданы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
»;
реттік нөмірі 29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
29
Қараой мемлекеттік табиғи қаумалы (кешенді)
295396,1
Балқаш ауданы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
».

Қолданыстағы