Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил признания отходов, образовавшихся в результате уничтожения товаров, непригодными для их дальнейшего коммерческого использования

Қаулы · № 391 · қабылданған 28.06.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123034/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил признания отходов, образовавшихся в результате уничтожения товаров, непригодными для их дальнейшего коммерческого использования Күшін жойған Қаулы ·№ 391 ·28.06.2018
02.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил признания отходов, образовавшихся в результате уничтожения товаров, непригодными для их дальнейшего коммерческого использования

Күшін жойған Қаулы ·№ 391 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил признания отходов, образовавшихся в результате уничтожения товаров, непригодными для их дальнейшего коммерческого использования
Атауы (қаз.)
Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
391
Қабылданған күні
28.06.2018
Көрсетілген редакция
02.08.2023 123034_646602.kaz
Соңғы өзгеріс
02.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000391
ЭКБ идентификаторы
123034
Редакция идентификаторы
123034_646602
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:53

0 Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы

2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 332-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 391 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану
қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары

(бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 332-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалар Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастыруға жататын қалдықтарға қолданылмайды.

2-тарау. Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібі

3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тауарларды жою актісінде көрсетілген күн тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі пайдалануға жарамсыз деп тану күні болып танылады.

4. Қажет болған жағдайда, тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп айқындау үшін жою кедендік рәсімімен тауарлардың орналастырылуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы өзге мемлекеттік органдардың мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.

5. Тауарларды жою актісіне барлық комиссия мүшелері және қатысқан адамдар қол қойған сәттен бастап коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған қалдықтар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады және кедендік бақылауда емес деп есептеледі.

___________________

Қолданыстағы