О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Тайыншинскому району Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Тайыншинскому району Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 179
- Қабылданған күні
- 15.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2020 123059_480864.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18SK004792
- ЭКБ идентификаторы
- 123059
- Редакция идентификаторы
- 123059_480864
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:04
0 Солтүстік Қазақстан облысының
Тайынша ауданы бойынша
ауыл шаруашылығы мақсатындағы
пайдаланылмайтын жерге жер
салығының базалық мөлшерлемелерін
және бірыңғай жер салығының
мөлшерлемелерін арттыру туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге Кодекстің 503-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе арттырылсын.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге Кодекстің 704-бабымен белгіленген бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе арттырылсын.
3 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының шегіндегі Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 мамырдағы № 277 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3284 болып тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасының ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдғы 29 шілдеде жарияланған);
2
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының шегіндегі Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 мамырдағы № 277 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздағы № 364 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3671 болып тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасының ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 7 шілдеде жарияланған).