Құжат мәтініне өту

О медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией

Кодекс · № 325 · қабылданған 26.05.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-12306/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией Күшін жойған Кодекс ·№ 325 ·26.05.2002
18.09.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией

Күшін жойған Кодекс ·№ 325 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией
Атауы (қаз.)
Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы
Акт түрі
Кодекс
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
325
Қабылданған күні
26.05.2002
Көрсетілген редакция
18.09.2009 AI12306_4.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z020000325_
ЭКБ идентификаторы
12306
Редакция идентификаторы
AI12306_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:01

0 Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы

📌 Ескерту. Заңның күші жойылды - ҚР 2009.09.18. N 193-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 186-баптан қараңыз) Заңымен.
Осы Заң нашақорлықпен ауыратын адамдарды оңалту саласындағы мемлекеттік саясаттың медициналық, әлеуметтік, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін реттейді.

1 1-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту - медициналық және әлеуметтік іс-шараларды кешенді түрде пайдалана отырып, отбасылық және қоғамдық өмірге тарту арқылы, нашақорлықпен ауыратын адамдардың нашақорлыққа тәуелділігін емдеуге, олардың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған наркологиялық көмек түрлерінің бірі;

2 2) наркологиялық ұйымдар - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен наркологиялық көмек көрсететін ауруханалар, диспансерлер, орталықтар, бөлімшелер немесе кабинеттер;

3 3) наркологиялық көмек - наркологиялық сырқатқа шалдығудың алдын алуды, нашақорлықпен ауыратын адамдарға диагностика жасауды, оларды емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтитын мамандандырылған медициналық көмек түрлерінің бірі;

4 4) психикаға белсенді әсер ететін заттар - бір рет қабылдағанда адамның психикалық және дене қызметіне, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт қабылдаған кезде психикалық және тәндік тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғи жолмен алынған заттар;

5 5) уәкілетті орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

📌 Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

2 2-бап. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық- әлеуметтік оңалту туралы заңдар

1

1. Қазақстан Республикасының нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін және оңалту көрсету кезінде азаматтар құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ететін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2 2. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Осы Заң, оның тегін медициналық көмек туралы ережесін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, нашақорлықпен ауыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

3 3. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленетін болса, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

3 3-бап. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы мемлекеттік саясат

Қазақстан Республикасының нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы мемлекеттік саясаты: заңдылық, ізгілік, еріктілік, адамның және азаматтың құқықтарын сақтау;
нашақорлықпен ауыратын адамдарға қол жетімді медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету;
наркологиялық көмек беру кезінде азаматтардың әлеуметтік қорғалуы принциптері негізінде жүргізіледі.

4 4-бап. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық- әлеуметтік оңалту саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреті

1 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1 1) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзірлейді;

2 2) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы бағдарламаларды бекітеді.

2 2. Уәкілетті орган :

1 1) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

2 2) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы бағдарламаларды әзірлейді және олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

3 3) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

4 4)

5 5) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтудың толықтығы мен сапасына және нашақорлықпен ауыратын адамдарды оңалтуды қамтамасыз ететін мамандардың кәсіптік қызметін бақылауды жүзеге асырады.

3 3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары:

1 1) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2 2) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту жөніндегі аймақтық бағдарламаларды әзірлейді, бекітеді және іске асырады;

3 3) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту және оларды еңбекке орналастыру үшін жағдай жасайды;

4 4) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қоғамдық бiрлестiктермен, жеке медициналық практикамен айналысатын жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады.

📌 Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

5 5-бап. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту үшін наркологиялық ұйымдарға жіберудің негіздемесі

Медициналық-әлеуметтік оңалту мақсатында наркологиялық ұйымдарға жіберу үшін:

1 1) нашақорлықпен ауыратын адамдарды наркологиялық ұйымдарда (стационарлық және амбулаториялық буында) емдеуде қол жеткен нәтижелерді бекіту қажеттігі;

2 2) нашақорлықпен ауыратын адамдарды еңбекке тарту мен оларды отбасылық және қоғамдық өмірге қосу үшін кешенді медициналық және әлеуметтік-еңбек іс-шараларын жүргізу қажеттігі негіздеме болып табылады.

Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарына (бөлімшелеріне) жіберудің, нашақорлықтан зардап шегетін ауруларды онда ұстаудың тәртібін және оларға көрсетілетін көмектің көлемін уәкілетті орган белгілейді және Қазақстан Республикасының заң актілерімен реттеледі.
📌 Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

6 6-бап. Нашақорлықпен ауыратын және медициналық- әлеуметтік оңалтуға мұқтаж адамдардың наркологиялық ұйымдарға өз еркімен өтініш жасауы

1 1. Нашақорлықпен ауыратын адамдар наркологиялық ұйымдарға медициналық көмек сұрап өтініш жасаған жағдайда, оларды медициналық-әлеуметтік оңалту ерікті түрде (тілек білдірген жағдайда - жасырын) жүргізіледі.

2 2. Нашақорлықпен ауыратын кәмелетке толмаған адамды, сондай-ақ нашақорлықпен ауыратын, белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған адамды медициналық-әлеуметтік оңалту олардың заңды өкілдерінің келісімімен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

7 7-бап. Нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары

1 1. Нашақорлықпен ауыратын адамдардың:

1 1) білікті медициналық көмек алуға;

2 2) наркологиялық ұйымды таңдауға;

3 3) өз құқықтары мен өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты және қолданылатын емдеу мен оңалту әдістері туралы ақпарат алуға;

4 4) медициналық-әлеуметтік оңалтуды - тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүрген жері бойынша өткізуге құқығы бар.

2 2. Нашақорлықпен ауыратын адамның немесе оның заңды өкілінің ұсынылып отырған медициналық-әлеуметтік оңалтудың кез келген сатысында одан бас тартуға құқығы бар.

3

3. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне оңалту іс-шараларын тоқтатудың ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тарту, оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, медициналық құжаттамаға жазбамен рәсімделеді, оған нашақорлықпен ауыратын адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-нарколог дәрігердің қолы қойылады.

4 4. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, нашақорлық диагнозының болуы, наркологиялық ұйымда диспансерлік қадағалауда тұру фактісі негізінде ғана нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілмейді.

8 8-бап. Наркологиялық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

Наркологиялық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру:

1 1) бюджет қаражаты есебiнен;

2 2) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

📌 Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

9 9-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық

Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес белгіленеді.

Қолданыстағы