Құжат мәтініне өту

О переименовании Парка культуры и отдыха

Қаулы · № 170 · қабылданған 18.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123061/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О переименовании Парка культуры и отдыха Қолданыста Қаулы ·№ 170 ·18.06.2018
18.06.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании Парка культуры и отдыха

Қолданыста Қаулы ·№ 170 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании Парка культуры и отдыха
Атауы (қаз.)
Мәдениет және демалыс саябағын қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
170
Қабылданған күні
18.06.2018
Көрсетілген редакция
18.06.2018 123061_334627.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18S0004795
ЭКБ идентификаторы
123061
Редакция идентификаторы
123061_334627
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:02

0 Мәдениет және демалыс саябағын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 наурыздағы оң қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Петропавл қаласындағы мәдениет және демалыс саябағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы деп қайта аталсын.

2

2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» (бұдан әрі – Басқарма) және «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) коммуналдық мемлекеттік мекемелері мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1 1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

3 3) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін ресми жарияланғаннан кейін Басқарманың және Мәслихат аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды.

3 3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына және Мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы