Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 2 · қабылданған 22.06.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123090/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 ·22.06.2018
19.11.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
22.06.2018
Көрсетілген редакция
19.11.2018 123090_372421.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NRK07910
ЭКБ идентификаторы
123090
Редакция идентификаторы
123090_372421
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:58

0 Шектеу іс-шараларын

белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Таран аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік инспекторының 2018 жылғы 4 маусымдағы № 01-20/291 ұсынысының негізінде Павлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі Павловка ауылының аумағында ірі қара малдарының бруцеллез ауруының туындауына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.

2

2. «Таран ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Таран аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Таран аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізу ұсынылсын.

3 3. «Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Таран
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ А. Досмұхамбетов
2018 жылғы 22 маусым
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Таран аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Б. Баймухаметов
2018 жылғы 22 маусым
«Таран ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________ А. Леонович
2018 жылғы 22 маусым

Қолданыстағы