Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Наурзумского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Наурзумского района
- Атауы (қаз.)
- Науырзым ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 76
- Қабылданған күні
- 08.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2026 123093_813233.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18NP007903
- ЭКБ идентификаторы
- 123093
- Редакция идентификаторы
- 123093_813233
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:09
0 Науырзым ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Науырзым ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. «Науырзым ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Науырзым ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Әкімдіктің 2018 жылғы 8 маусымдағы № 76 қаулысына қосымша
Науырзым ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Жергілікті бюджетке мемлекеттік аудандық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі мынадай түрде айқындалады:
таза кіріс 3 000 000 теңгеге
дейін
таза кіріс сомасынан 5 пайыз