Об установлении ставок фиксированного налога в Урджарском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ставок фиксированного налога в Урджарском районе
- Атауы (қаз.)
- Үржар ауданында тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28-287/VI
- Қабылданған күні
- 19.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2020 123125_475576.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VR000159
- ЭКБ идентификаторы
- 123125
- Редакция идентификаторы
- 123125_475576
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:01
0 Үржар ауданында тіркелген салықтың
мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 546 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Үржар ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін, айына:
1 1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматына - 4 айлық есептік көрсеткіш;
2 2) біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматына - 6 айлық есептік көрсеткіш;
3 3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерге - 2 айлық есептік көрсеткіш;
4 4) ойын жолы үшін - 22 айлық есептік көрсеткіш;
5 5) карт үшін - 8 айлық есептік көрсеткіш;
6 6) бильярд үстеліне - 7 айлық есептік көрсеткіш;
7 7) арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пунктіне - 10 айлық есептік көрсеткіш.
2
2. Үржар аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 02 тамызындағы № 21-229-IV «Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-18-102 нөмірімен тіркелген, «Пульс времени/Уақыт тынысы» газетінің 2010 жылдың 11 қыркүйегінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.