Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Шардаринского района

Қаулы · № 301 · қабылданған 08.06.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123126/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Шардаринского района Күшін жойған Қаулы ·№ 301 ·08.06.2018
15.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Шардаринского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 301 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Шардаринского района
Атауы (қаз.)
Шардара ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
301
Қабылданған күні
08.06.2018
Көрсетілген редакция
15.07.2020 123126_473112.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18UO004645
ЭКБ идентификаторы
123126
Редакция идентификаторы
123126_473112
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:09

0 Шардара ауданының пробация

қызметінің есебінде тұрған
адамдарды, бас бостандығынан
айыру орындарынан босатылған
адамдарды және ата-анасынан
кәмелеттік жасқа толғанға дейін
айырылған немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, білім
беру ұйымдарының түлектері
болып табылатын жастар
қатарындағы азаматтарды,
жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квоталар
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3 3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата- анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып

табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

4

4. Шардара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы №89 «Шардара ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4476 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 30 наурызда «Шартарап-Шарайна» газетінде және 2018 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5 5. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары

Б.Шомпиевке жүктелсiн.

7 7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

12 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Шардара ауданы ұйымдарының тізімі

Шардара ауданы
әкімдігінің 2018 жылғы
«8» маусымдағы №301
қаулысына 1 қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Шардара ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.
Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Шардара аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
86
1
1
2.
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Шардара аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
920
1
5
3.
Шардара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Шардара сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
49
1
1
4.
Шардара ауданы әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Шардара жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
47
1
1
5.
Шардара ауданы әкімдігі ветеринария бөлімінің «Шардара аудандық ветеринарлық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
90
1
1
6.
«Шардара су электр стансасы» акционерлік қоғамы
158
1
1
7.
«Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі
250
1
2
8.
«Шардара-балық-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
40
1
1
9.
Жеке кәсіпкер «Жалгасбаев»
40
1
1
10.
«Оңтүстік жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шардара филиалы
103
1
1
11.
Түркістан облысының табиғи ресустар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
70
1
1
Барлығы
1853
16

13 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Шардара ауданы ұйымдарының тізімі

Шардара ауданы
әкімдігінің 2018 жылғы
«8» маусымдағы №301
қаулысына 2 қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Шардара ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.
Шардара ауданы әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Шардара жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
47
1
1
2.
Шардара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Шардара сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
49
1
1
3.
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Шардара аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
920
1
2
4.
Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№2 Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
112
1
1
5.
Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№1 Шардара ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
76
1
1
6.
«Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі
250
1
1
Барлығы
1454
7

14 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Шардара ауданы ұйымдарының тізімі

Шардара ауданы
әкімдігінің 2018 жылғы
«8» маусымдағы №301
қаулысына 3 қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Шардара ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері
(% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
1.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «№16 Колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
154
1
1
2.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
140
1
1
3.
Шардара ауданы әкімдігі Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
50
1
1
4.
Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№2 Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
112
1
1
5.
Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық білім бөлімінің «Шардара аудандық оқушылар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
79
1
1
6.
Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық білім бөлімінің «Шардара балалар саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
72
1
1
7.
«Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі
250
1
1
Барлығы
857
7

Қолданыстағы