О переименовании улиц в населенных пунктах Переменовского сельского округа Бородулихинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц в населенных пунктах Переменовского сельского округа Бородулихинского района
- Атауы (қаз.)
- Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округінің елді мекендеріндегі көшелерді қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 08.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2018 123129_334741.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VHN00162
- ЭКБ идентификаторы
- 123129
- Редакция идентификаторы
- 123129_334741
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:09
0 Бородулиха ауданы Переменовка
ауылдық округінің елді
мекендеріндегі көшелерді
қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, 2018 жылғы 2 наурыздағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссияның қорытындысына сәйкес және халықтың пікірін ескере отырып, Переменовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округінің елді мекендеріндегі көшелердің атауы:
1 1) Переменовка ауылындағы Советская көшесі «Болашақ» көшесі;
2 2) Орловка ауылындағы Октябрьская көшесі «Школьная» көшесі болып қайта аталсын.
2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;