О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 31/01
- Қабылданған күні
- 21.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2018 123152_334915.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18K0004840
- ЭКБ идентификаторы
- 123152
- Редакция идентификаторы
- 123152_334915
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:58
0 Қарағанды облысы
әкімдігінің кейбір
қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы №637 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарағанды облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы№45/10 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3407 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 22 қыркүйекте №149 (22034)«Орталық Қазақстан» және 2015 жылғы 22 қыркүйекте №131 (21882) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған);
2
2) «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы №45/10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы №02/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4144 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 ақпанда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 25 ақпанда №23 (22330) «Орталық Қазақстан» және 2017 жылғы 25 ақпанда №23 (22136) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған).