Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 151
- Қабылданған күні
- 11.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2019 123274_413646.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18M0003677
- ЭКБ идентификаторы
- 123274
- Редакция идентификаторы
- 123274_413646
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:08
0 Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз
етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн,
сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының
мөлшерiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы», 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 «Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi айқындалсын.
2
2.«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.К. Рзаханов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Н. Сқақовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Маңғыстау облысының
ішкі істер департаменті» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Қ.Д. Таймерденов
«04» 06 2018 ж.
5 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы «11» 06
№ 151 қаулысына қосымша
Маңғыстау облысында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi