Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Аккольском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Аккольском районе
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-6/181
- Қабылданған күні
- 22.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2019 123278_389591.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BC006716
- ЭКБ идентификаторы
- 123278
- Редакция идентификаторы
- 123278_389591
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:58
0 Ақкөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2- тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақкөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Е. Әбілқайыроваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер
департаменті Ақкөл ауданының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ. Битақов
«22» 06 2018 жыл
4 Ақкөл ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «22» маусым
№ А-6/181 қаулысына
қосымша
Ақкөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1 1-тарау. Көтермелеудің түрлері
1 1. Ақкөл ауданы әкімінің алғыс хаты.
2 2. Ақшалай сыйақы.
2 2-тарау. Көтермелеудің тәртібі
3 3. Осы тәртіп Ақкөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.
4 4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Ақкөл ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.
5 5. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Ақкөл ауданының ішкі істер бөлімі» (бұдан әрі – ІІБ) мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.
6 6. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
7 7. Ақшалай сыйақыны төлеуді ІІБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.
8 8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін ІІБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.
9 9. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, Ақкөл ауданы әкімінің алғыс хатын табыстау ІІБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.
3 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері
10
10. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.