Об установлении размеров единых ставок фиксированного налога на единицу объекта налогообложения в Абайском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размеров единых ставок фиксированного налога на единицу объекта налогообложения в Абайском районе
- Атауы (қаз.)
- Абай ауданындағы салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерінің мөлшерлерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32/352
- Қабылданған күні
- 21.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2020 123302_466634.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KI004853
- ЭКБ идентификаторы
- 123302
- Редакция идентификаторы
- 123302_466634
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:59
0 Абай ауданындағы салық салу
объектісінің бірлігіне тіркелген
салықтың бірыңғай
мөлшерлемелерінің
мөлшерлерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылгы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Абай ауданындағы салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерінің мөлшерлері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
1 1. Абай аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1
1) 2013 жылғы 23 желтоқсандағы 26 сессияның № 26/255 «Абай ауданындағы салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлерін белгілеу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2516 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2014 жылғы 25 қаңтарда № 4 (4007) «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде жарияланған);
2
2) 2015 жылғы 17 наурыздағы 39 сессияның № 39/435 «Абай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы 26 сессиясының № 26/255 «Абай ауданындағы салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 3153 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 сәуірде «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде және 2015 жылғы 25 сәуірде № 16 «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде жарияланған).
2 Абай ауданындағы салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерінің мөлшерлері
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай аудандық мәслихатының
2018 жылғы 21 маусымдағы
32 сессиясының № 32/352 шешіміне
қосымша
Абай ауданындағы салық салу объектісінің бірлігіне
тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерінің мөлшерлері
№
Салық салу объектісінің атауы
Айына тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерінін мөлшерлері (айлық есептік көрсеткіштермен)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
3
2.
Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
4
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4.
Ойын жолы
10
5.
Карт
5
6.
Бильярд үстелі
5
7.
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
15