Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых решений Сарыагашского районного маслихата

Өзге акт · № 22-242-VI · қабылданған 08.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123312/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых решений Сарыагашского районного маслихата Қолданыста Өзге акт ·№ 22-242-VI ·08.06.2018
08.06.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых решений Сарыагашского районного маслихата

Қолданыста Өзге акт ·№ 22-242-VI · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых решений Сарыагашского районного маслихата
Атауы (қаз.)
Сарыағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
22-242-VI
Қабылданған күні
08.06.2018
Көрсетілген редакция
08.06.2018 123312_335861.kaz
Соңғы өзгеріс
08.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18UK004648
ЭКБ идентификаторы
123312
Редакция идентификаторы
123312_335861
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:08

0 Сарыағаш аудандық

мәслихатының кейбір
шешімдерінің күші
жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1 тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2 2. «Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сарыағаш ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Сарыағаш аудандық

мәслихатының 2018 жылғы
8 маусымдағы №22-242-VI
шешіміне қосымша
Сарыағаш аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1 1. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №42-376-V «Сарыағаш ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3311 тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда «Сарыағаш» газетінде жарияланған);

2

2. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы №12-143-VI «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4139 тіркелген, 2017 жылғы 21 шілдеде «Сарыағаш» газетінде және 2017 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

Қолданыстағы