О ставках фиксированного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках фиксированного налога
- Атауы (қаз.)
- Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 31/3-VI
- Қабылданған күні
- 22.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2019 123334_436375.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VA000191
- ЭКБ идентификаторы
- 123334
- Редакция идентификаторы
- 123334_436375
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:58
0 Тіркелген салық
мөлшерлемелері туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546-бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Өскемен қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2
2. «Тіркелген салық ставкалары туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 13/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-103 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 12 наурызда «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы
22 маусымдағы № 31/3-VI
шешіміне қосымша
Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың мөлшерлемесі (айлық есептік
көрсеткіштермен)
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
12
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
12
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1,7
Ойын жолы
22,5
Карт
2,1
Бильярд үстелі
8
Уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
12