Құжат мәтініне өту

Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Тарановского района

Қаулы · № 168 · қабылданған 13.06.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123415/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Тарановского района Күшін жойған Қаулы ·№ 168 ·13.06.2018
11.09.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Тарановского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 168 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Тарановского района
Атауы (қаз.)
Таран ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
168
Қабылданған күні
13.06.2018
Көрсетілген редакция
11.09.2019 123415_420520.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NR007934
ЭКБ идентификаторы
123415
Редакция идентификаторы
123415_420520
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:06

0 Таран ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Таран ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Таран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы»

шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министірлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Таран ауданы
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Б. Баймухаметов
2018 жылғы 13 маусым
«Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрлігі
Қостанай облысы ішкі істер
Департаментінің Таран аудандық
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ М. Сейткулов
2018 жылғы 13 маусым

8 Таран ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Әкімдіктің
2018 жылғы 13 маусымдағы
№ 168 қаулысына
қосымша
Таран ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
р/с №
Елді мекеннің атауы
Орналасу орны
1
Апановка ауылы
Автобазовская көшесі, № 55 үйдің жанында
2
Асенкритовка ауылы
Аятская көшесі, № 59 үйге қарама-қарсы
3
Береговое ауылы
Московская көшесі, № 34 үйдің жанында
4
Евгеновка ауылы
Центральная көшесі, № 14 үйге қарама-қарсы
5
Елизаветинка ауылы
Майлин көшесі, № 4 үйдің жанында
6
Қайыңдыкөл ауылы
Ленин көшесі, № 1 үйдің жанында
7
Майское ауылы
60 лет Октября және Индустриальная көшелерінің шекарасында, тақ жағы
8
Мақсұт ауылы
Ленин көшесі, № 44 үйдің жанында
9
Новоильиновка ауылы
Школьная көшесі, № 35 үйге қарама-қарсы
10
Приозерное ауылы
Ленин көшесі, № 7 үйдің жанында
11
Таран ауылы
Тәуелсіздік көшесі, № 86 үйдің жанында
Таран – Тобыл жолында, ипподром аумағы
12
Тобыл кенті
Станционная көшесі, № 6 үйдің жанында
13
Юбилейное ауылы
Юбилейная көшесі, № 3 үйдің жанында

Қолданыстағы