О снятии ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 29.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2018 123439_337940.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18SEO04832
- ЭКБ идентификаторы
- 123439
- Редакция идентификаторы
- 123439_337940
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:51
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 09-08/158 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округі Ковыльное ауылында, Набережная, Кривда, Школьная, Степная, Молодежная көшелерінде ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4565 тіркелген, 2018 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.