Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 221 · қабылданған 22.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123481/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 221 ·22.06.2018
22.06.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 221 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
221
Қабылданған күні
22.06.2018
Көрсетілген редакция
22.06.2018 123481_337914.kaz
Соңғы өзгеріс
22.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18KM004856
ЭКБ идентификаторы
123481
Редакция идентификаторы
123481_337914
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:57

0 Қауымдық сервитут

белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 02/04 «Аңшылық алқаптарды жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіп беру туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына, Қарқаралы ауданы «Солтүстік-Шығыс» жерінде орналасқан, жалпы көлемі – 470380 гектар жер учаскесін жер пайдаланушыдан алып қоймай аң аулау мақсатында пайдалану үшін 10 (он) жылға қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жер пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнама талаптарын сақтасын.

3 3. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Наушабаев) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы