Құжат мәтініне өту

Об утверждении нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки

Қаулы · № 302 · қабылданған 28.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123494/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки Қолданыста Қаулы ·№ 302 ·28.06.2018
29.07.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки

Қолданыста Қаулы ·№ 302 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки
Атауы (қаз.)
Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
302
Қабылданған күні
28.06.2018
Көрсетілген редакция
29.07.2019 123494_416850.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18D0004770
ЭКБ идентификаторы
123494
Редакция идентификаторы
123494_416850
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:53

0 Тереңдете қайта өңдеп өнім

шығаруы үшін оны сатып
алынатын ауылшаруашылық
өнімдерінің бірлігіне арналған
субсидиялар нормативтерін
бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 12-6), 12-7) тармақшаларына, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 тіркелген) бекітілген, Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Алматы облысы әкімдігінің «Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» 2016 жылғы 16 ақпандағы № 77 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3742 тіркелген, 2016 жылдың 7 сәуірінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), «Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 77 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2016 жылғы 24 қарашадағы № 574 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4027 тіркелген, 2016 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

10 Алматы облысы әкімдігінің

2019 жылғы «28» маусымдағы
№ 302 қаулысына қосымша
Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған
субсидиялар нормативтері
Ауылшаруашылық өнімнің атауы
Тереңдете қайта өңделген өнімдердің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/литр (теңге/килограмм)
Шикі сүт
Сары май
42
Шикі сүт
Қатты ірімшік
26
Шикі сүт
Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)
39

Қолданыстағы