Құжат мәтініне өту

Об установлении единых ставок фиксированного налога по Акжарскому району Северо-Казахстанской области

Өзге акт · № 29-1 · қабылданған 04.07.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123526/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении единых ставок фиксированного налога по Акжарскому району Северо-Казахстанской области Күшін жойған Өзге акт ·№ 29-1 ·04.07.2018
03.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении единых ставок фиксированного налога по Акжарскому району Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Өзге акт ·№ 29-1 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении единых ставок фиксированного налога по Акжарскому району Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
29-1
Қабылданған күні
04.07.2018
Көрсетілген редакция
03.03.2020 123526_447537.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18SD004841
ЭКБ идентификаторы
123526
Редакция идентификаторы
123526_447537
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:49

0 Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 546-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағында қызметтін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.

2 2.  Күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Тіркелген салық бірыңғай ставкаларды бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымындағы № 24-5 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-4-106 болып тіркелді, 2010 жылғы 14 тамыздағы «Дала дидары» газетінде, 2010 жылғы 14 тамыздағы «Ақжар-хабар» газетінде жарияланған);

2

2) «Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын бекіту туралы» Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсанындағы № 39-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-4-135 болып тіркелді, 2012 жылғы 10 ақпандағы «Дала дидары» газетінде, 2012 жылғы 10 ақпандағы «Ақжар-хабар» газетінде жарияланған).

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

Солтүстік Қазақстан облысы
Акжар аудандық мәслихатының
2018 жылғы «_4__»_шілде__
№_29-1_ шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

Салық салу объектісінің атауы
Бір айда тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен)
1
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
4
7
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, елді мекенде орналасқан уәкілетті ұйымның айырбастау пункті
10

Қолданыстағы