О признании утратившими силу некоторых решений Уйгурского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Уйгурского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Ұйғыр аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6-34-211
- Қабылданған күні
- 28.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2018 123562_338695.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18DS004767
- ЭКБ идентификаторы
- 123562
- Редакция идентификаторы
- 123562_338695
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:53
0 Ұйғыр аудандық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күші жойылды
деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Бюджет, экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, сауда, туризм, тұрғын үй мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Ұйғыр аудандық мәслихатының
2018 жылғы «28» маусымдағы
№ 6-34-211 шешіміне қосымша
Ұйғыр аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1 1. «Ұйғыр ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 54-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3676 тіркелген, 2016 жылдың 29 қаңтарында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2
2. «Ұйғыр ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 6-3-16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3841 тіркелген, 2016 жылдың 01 маусымында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3
3. «Ұйғыр ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6-5-26 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3935 тіркелген, 2016 жылдың 21 қыркүйегінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).