О присвоении наименования и переименовании административно-территориальных единиц Южно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименования и переименовании административно-территориальных единиц Южно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне атау беру және қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 194
- Қабылданған күні
- 21.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2018 123565_338936.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18U0004688
- ЭКБ идентификаторы
- 123565
- Редакция идентификаторы
- 123565_338936
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:59
0 Оңтүстік Қазақстан облысының
әкімшілік-аумақтық бірліктеріне
атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Оңтүстік Қазақстан облысының мынадай жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Сайрам ауданы бойынша:
Ақсукент ауылдық округінің Чапаев елді мекені Алаш елді мекені болып;
Ақсукент ауылдық округінің Манкент елді мекені Бәйтерек елді мекені болып;
Сарыағаш ауданы бойынша:
Қабланбек ауылдық округінің Қапланбек елді мекені Қабыланбек елді мекені болып;
Құркелес ауылдық округінің Белый дом елді мекені Ақ үй елді мекені болып;
Түлкібас ауданы бойынша:
Майлыкент ауылдық округінің М.Горький ауылы Қараағашты ауылы болып қайта аталсын.
2 2. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округіне қарасты атауы жоқ елді мекенге Береке елді мекені деген атау берілсін.
3 3. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Сарыағаш және Түлкібас аудандарының әкімдіктері осы бірлескен қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бірлескен қаулы мен шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бірлескен қаулы мен шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бірлескен қаулы мен шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
4 4) осы бірлескен қаулы мен шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5 5. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ә.Ш.Өсербаев
Ә.Е.Тұрғымбеков
Е.Ә.Садыр
Ұ.Сәдібеков
Т.Қ.Сәрсембаев
Е.Қ.Тасжүреков
А.С.Сәбитов
А.Б.Тасыбаев