Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О Правилах управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Астаны

Ереже · № 281/34-VI · қабылданған 28.06.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123579/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О Правилах управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Астаны Күшін жойған 18.11.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О Правилах управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Астаны

Күшін жойған Ереже № 281/34-VI 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Правилах управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Астаны
Атауы (қаз.)
Соттың шешімі бойынша Астана қаласының коммуналдық меншігіне түскен иесіз қалдықтарды басқару қағидалары туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
281/34-VI
Қабылданған күні
28.06.2018
Көрсетілген редакция
18.11.2022 123579_604792.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18AAZ01184
ЭКБ идентификаторы
123579
Редакция идентификаторы
123579_604792
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:53
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Соттың шешімі бойынша

Астана қаласының коммуналдық
меншігіне түскен иесіз қалдықтарды
басқару қағидалары туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес соттың шешімі бойынша Астана қаласының коммуналдық меншігіне түскен иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Астана қаласы
«Алматы» ауданының әкімі Ә. Сәрсембаев
Астана қаласы
«Байқоңыр» ауданының әкімі Е. Каналимов
Астана қаласы
«Есіл» ауданының әкімі Т. Закарьянов
Астана қаласы
«Сарыарқа» ауданының әкімі А. Турлубек
«Астана қаласының
Қоршаған ортаны қорғау
және табиғатты пайдалану
басқармасы» (ҚОҚжТП)
мемлекеттік мекемесінің
Басшысы М. Танабаев

0 Астана қаласы

мәслихатының шешіміне
қосымша
2018 жылы 28 маусымдағы
№ 281/34-VI

1

1. Соттың шешімі бойынша Астана қаласының коммуналдық меншігіне түскен иесіз қалдықтарды басқару қағидасы (бұдан әрі – Қағида), Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және Соттың шешімі бойынша Астана қаласының коммуналдық меншігіне түскен иесіз қалдықтарды басқару тәртібін белігілейді (бұдан әрі – қалдықтар).

2. Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз қалдықтар иесіз қалдықтар болып табылады.

3. Қалдықтарды коммуналды меншікке тапсыру сот шешімінің негізінде іске асырылады.

4. Иесіз қалдықтарды басқару Астана қаласының әкімдігімен (бұдан әрі – Әкімдік) іске асырылады.

5. Қалдықтарды басқару мақсатында Әкімдікпен мүдделі құрылымды бөлімшелердің өкілдерінен комиссия құрылады (бұдан әрі – Комиссия).

Комиссияның жұмыс органы «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) болып табылады.

6. Иесіз қалдықтарды басқару бұл – бағалау, есептеу, одан әрі қолдану, іске асыру, иесіз қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

7. Жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар өз жер учаскелерінде иесіз қалдықтарды анықтаған кезде оларды пайдалануға кірісіп не қалдықтарды өз меншігіне айналдыруды куәландыратын өзге де әрекеттер жасай отырып, осы қалдықтарды өз меншігіне айналдыруға құқылы.

Басқа иесіз қалдықтар, егер сот қалдықтарды иеленуге кіріскен тұлғаның өтініші бойынша оларды иесіз қалдық деп таныса, осы тұлғаның меншігіне түседі.

8. Өзге де жағдайларда, Астана қаласының аумағында иесіз қалдықтар тауып алған тұлғалар Әкімдікті олар туралы хабарлау міндетті. Әкімдік, иесіз қалдықтардың бар болуы туралы хабарлама алған күнінен бастап бір жылдың ішінде сотқа сол қалдықтарды коммуналды меншікке түскен деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті.

9. Әкімдік иесіз қалдықтарды жұмыс жасау мен олардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс ықпал етудің алдын алу бойынша іс-шаралар өткізуін ұйымдастырады.

10. Астана қаласының коммуналды меншігіне сот шешімімен түскені деп танылмаған иесіз қалдықтар, қалған меншік иелеріне иелену, қолдану және билік етуге қайта түсу мүмкін немесе Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алу мерзімінің ескіруі қатысты меншікке сатып алыну мүмкін.

11. Иесіз қалдықтар мемлекеттік немесе жеке меншікке айналдырудан кейін бұл баптың қағидасына сәйкес пайдалы компоненттерді алумен өңдеу жататын қалдықтар ретінде қарастырылмайды.

2

12. Дербес басқару немесе мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласында қызмет көрсету және жұмыстарын орындау лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар:

1) қалдықтарын қасиеттерін зерттеу;

2) қалдықтардың жағдайын анықтау;

3) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169 «Қалдықтардың классификаторын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылы 2 шілдеде № 4775 тіркелген) бұйрығының негізінде кодтаманы анықтау. Зиянды қалдықтарды анықтаған жағдайда «Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 4720 тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысаны бойынша зиянды қалдықтарға паспорт жасалады.
Сондай-ақ, Басқарма бағалау қызметінің саласында жұмыс жасау және қызмет көрсету орындауға лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тартумен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтардың құнын анықтау бойынша жұмыстарды өткізу.

13. Қазақстан Республикасы бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалдықтардың құны нәтижелік құны нөлдік болған жағдайда, осы қалдықтарды өтеусіз негізде іске асыру бойынша нормалары қолданылады.

14. Қазақстан Республикасы бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан кем емес құны бойынша конкурс арқылы қалдықтарды Басқарма заңды және жеке тұлғалар арқылы іске асырады.

15. Конкурсты дайындау және өткізу Басқармамен іске асырылады.

16. Конкурстың талаптары Басқармамен анықталады.

17. Басқарма еркін түрде жазбаша өтініштің негізінде қалдықтар объектісі қойылған конкурстың толық құжаттамасын әлеуетті қатысушыларға ақысыз тапсыру міндетті.

18. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес конкурс ашық түрде және қатысушылардың шектелмеген шеңберінде өтеді.

19. Конкурс жеңімпазын конкурс комиссиясы келесі негізгі критериялардың жиынтық негізінде:

1) бағдарламаның іс-шаралары конкурстың талаптарын орындалуын қамтамасыз ету қажет (жобаның орындалу мерзімі, қолдану технологиясы, қаржы мүмкіндіктері, экология заңнамасының талаптарына сәйкес);

2) ең үлкен құны.

20. Конкурстың нәтижесі Астана қаласының аумағында таратылатын баспасөз басылымында мерзімді жарияланады, сондай-ақ кідермей Әкімдіктің интернет-ресурстарында орналастырылады.

21. Конкурстың жеңімпазымен қалдықтарды іске асыру туралы келісім шарт жасалынады (бұдан әрі – Шарт), соның талаптары Әкімдікпен келісімделеді. Шарт қалдықтармен жұмыс жасау кезінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін және жалпы қауіпсіз жұмыс жасауды сақтануды қарастырады, сонымен бірге Басқармамен бекіткен нысан бойынша жасалған жұмыстар туралы есепті жеңімпазбен тапсыру қарастырылған.
Есепті Басқармаға тоқсан сайын келесі айдың оныншы күніне дейін тапсырылады, есептік тоқсаннан кейін.
Шарттың талаптарын сақтамаған жағдайда, оны тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде көрсетілген тәртіпте бұзады және конкурсты өткізуді қайта жариялайды.

22. Конкурсты екі мәрте өткізілмеген болып танылса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес Басқарма әлеуетті сатып алушымен мәлімделген құны бойынша қалдықтарды сатудың конкурсын өткізеді.

23. Қалдықтарды сатқан соң Басқармаға түскен қаражаттар мемлекеттің табысына тапсырылады.

3

24. Қалдықтармен жұмыс жасау барысында Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінде көрсетілген талаптар сақталады.