Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения по Иргизскому району и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения по Иргизскому району и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района
- Атауы (қаз.)
- Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- upd
- Нөмірі
- 87
- Қабылданған күні
- 11.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2022 123609_615300.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CE000187
- ЭКБ идентификаторы
- 123609
- Редакция идентификаторы
- 123609_615300
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:08
0 Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Ырғыз ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 139 «Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5030 болып тіркелген, «Ырғыз» аудандық газетінде 2016 жылы 16 тамызда № 33 жарияланған) қаулысы;
2) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 23 «Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 139 «Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5310 болып тіркелген, 2017 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
3. «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ырғыз аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Қызбергеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған бастап қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
«Ақтөбе облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы» ММ басшысы
_______________ А. Османғалиев
11 Ырғыз ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 11 маусымдағы
№ 87 қаулысына қосымша
Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№
Автомобиль жолдарының индексі
Автомобиль жолдарының атауы
Жалпы ұзындығы, шақырым
1
KD-IR-1
Құмтоғай ауылына кіре беріс
25,3
2
KD-IR-2
Құрылыс ауылына кіре беріс
6,9
3
KD-IR-3
Құтикөл-Жарма-Құйлыс-Жайсаңбай
160,0
4
KD-IR-4
Ырғыз-Нұра
87,970
Барлығы:
280,17