Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қаулы · № 443 · қабылданған 21.07.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123663/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Некоторые вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 443 ·21.07.2018
21.07.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 443 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
443
Қабылданған күні
21.07.2018
Көрсетілген редакция
21.07.2018 123663_340740.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000443
ЭКБ идентификаторы
123663
Редакция идентификаторы
123663_340740
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:40

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің

кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің Астана қаласының Ішкі істер департаменті «Байқоңыр» ауданының ішкі істер басқармасы» және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Байқоңыр» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемелері құрылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің мына аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері:

1

1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі Алматы облысының Ішкі істер департаменті Райымбек ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі оны Нарынқол ауылында орналасатын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі Алматы облысының Ішкі істер департаменті Райымбек ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен Кеген ауылында орналасатын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі Алматы облысының Ішкі істер департаменті Кеген ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен;

2

2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Райымбек ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесі оны Нарынқол ауылында орналасатын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Райымбек ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен Кеген ауылында орналасатын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі Алматы облысының Төтенше жағдайлар
департаменті Кеген ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

3 3. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің республикалық бюджетінде және жергілікті атқарушы органдардың бюджетінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

4 4. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер аумақтық органдар және оның ведомстволарының тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-1-жолмен толықтырылсын:
«17-1. Астана қаласының Ішкі істер департаменті «Байқоңыр» ауданының ішкі істер басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 72-1-жолмен толықтырылсын:
«72-1. Алматы облысының Ішкі істер департаменті Кеген ауданының ішкі істер бөлімі.»;
«3. Төтенше жағдайлар комитеті» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-1-жолмен толықтырылсын:
«17-1. Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Байқоңыр» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 72-1-жолмен толықтырылсын:
«72-1. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Кеген ауданының төтенше жағдайлар бөлімі».

5 5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы