Құжат мәтініне өту

Об установлении акционерному обществу «Казахтелеком» публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 1717 · қабылданған 27.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123713/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении акционерному обществу «Казахтелеком» публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 1717 ·27.06.2018
27.06.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении акционерному обществу «Казахтелеком» публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 1717 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении акционерному обществу «Казахтелеком» публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына жер учаскелеріне қауымдық сервитутты белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1717
Қабылданған күні
27.06.2018
Көрсетілген редакция
27.06.2018 123713_340314.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NA007964
ЭКБ идентификаторы
123713
Редакция идентификаторы
123713_340314
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:54

0 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына жер учаскелеріне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында телекоммуникация объектілері бойынша жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

1 1) Аэропорт шағын ауданында телекоммуникация объектісі бойынша телефон кәрізін, байланыс құдықтарын салу және оптикалық таратқыш шкафын орнату;

2 2) Аэропорт шағын ауданында телекоммуникация объектісі бойынша телефон кәрізін және байланыс құдықтарын салу;

3 3) Аэропорт шағын ауданында телекоммуникация объектісі бойынша мектепке телефон кәрізін және байланыс құдықтарын салу;

4 4) Аэропорт шағын ауданында телекоммуникация объектісі бойынша спорттық-ойын-сауық кешеніне телефон кәрізін және байланыс құдықтарын салу;

5 5) Л. Беда көшесі, 23 А үй мекен-жайында телекоммуникация объектісі бойынша телефон кәрізін салу;

6 6) Гашек көшесі, 6 үй мекен-жайында телекоммуникация объектісі бойынша телефон кәрізін салу.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы