Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки

Қаулы · № 192 · қабылданған 28.06.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123734/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки Күшін жойған Қаулы ·№ 192 ·28.06.2018
03.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки

Күшін жойған Қаулы ·№ 192 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
192
Қабылданған күні
28.06.2018
Көрсетілген редакция
03.02.2020 123734_443719.kaz
Соңғы өзгеріс
03.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NR007959
ЭКБ идентификаторы
123734
Редакция идентификаторы
123734_443719
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:53

0

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабы 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2016 жылғы 6 сәуірдегі 46-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2

2. Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 164 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, аудандық бюджет қаражатының есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6469 тіркелген, 2016 жылғы 30 маусымда «Маяк» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Таран ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы»

шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Таран аудандық
мәслихатының хатшысы
____________ С. Сапабеков
2018 жылғы 28 маусым

9 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

Әкімдіктің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 192 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

1 1. мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары;

2 2. бөлімшенің басшысы, клиникалық және параклиникалық бөлімшенің меңгерушісі;

3 3. барлық мамандықтағы дәрігерлер;

4 4. акушер;

5 5. диеталық мейіргер;

6 6. тіс дәрігері (дантист);

7 7. мейірбике (мейіргер);

8 8. қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

9 9. зертханашы (медициналық);

10 10. провизор (фармацевт);

11 11. психолог маман;

12 12. рентген зертханашысы;

13 13. әлеуметтік қызметкер;

14 14. фельдшер;

15 15. медициналық тіркеуші;

Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

16 16. аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

17 17. аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

18 18. әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

19 19. әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

20 20. жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

21 21. қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

22 22. психоневрологиялық аурулары бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

Білім мамандарының лауазымдары:

23 23. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

24 24. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық) басшысы;

25 25. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

26 26. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана басшысы (меңгерушісі);

27 27. мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

28 28. әлеуметтік педагог;

29 29. қосымша білім беретін педагог;

30 30. педагог-психолог;

31 31. ұйымдастырушы педагог;

32 32. зертханашы;

33 33. психолог;

34 34. тәрбиелеуші;

35 35. музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

36 36. тәлімгер;

37 37. әдіскер (негізгі қызметтердің);

38 38. мейірбике;

39 39. логопед;

40 40. емдәмдік мейірбике;

41 41. дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

42 42. хореограф (негізгі қызметтердің);

43 43. кітапханашы;

Мәдениет мамандарының лауазымдары:

44 44. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

45 45. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

46 46. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

47 47. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның концерттік зал меңгерушісі (басшысы);

48 48. музыкалық жетекші;

49 49. барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

50 50. хореограф;

51 51. дыбыс режиссері;

52 52. режиссер;

53 53. қоюшы режиссер;

54 54. аккомпаниатор;

55 55. концертмейстр;

56 56. мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

57 57. кітапханашы;

58 58. библиограф;

59 59. редактор (негізгі қызметтер);

60 60. барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

61 61. қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі;

Спорт мамандарының лауазымдары:

62 62. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

63 63. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

64 64. әдіскер;

65 65. жаттықтырушы-оқытушы;

66 66. медициналық бике;

Ветеринария мамандарының лауазымдары:

67 67. мал дәрігері;

68 68. ветеринарлық фельдшер.

Қолданыстағы