О ставках земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығынының мөлшерлемелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 178
- Қабылданған күні
- 10.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2022 123751_581112.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LE006390
- ЭКБ идентификаторы
- 123751
- Редакция идентификаторы
- 123751_581112
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:47
0 Жер салығынының мөлшерлемелері туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандығы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге арттырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге біріңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге арттырылсын.
3
3. Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы «Жер салығының базалық мөлшерлемелері туралы» №74 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5775 нөмерімен тіркелген, 2017 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қармақшы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Қ.Сүлейменов ________________
"10" шілде 2018 жыл