Құжат мәтініне өту

О наименовании центральной площади и переименовании составных частей города Житикары Житикаринского района

Қаулы · № 155 · қабылданған 27.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123769/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О наименовании центральной площади и переименовании составных частей города Житикары Житикаринского района Қолданыста Қаулы ·№ 155 ·27.06.2018
27.06.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О наименовании центральной площади и переименовании составных частей города Житикары Житикаринского района

Қолданыста Қаулы ·№ 155 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О наименовании центральной площади и переименовании составных частей города Житикары Житикаринского района
Атауы (қаз.)
Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының орталық алаңына атау беру және құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
155
Қабылданған күні
27.06.2018
Көрсетілген редакция
27.06.2018 123769_340723.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NJ007962
ЭКБ идентификаторы
123769
Редакция идентификаторы
123769_340723
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:54

0 Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының орталық алаңына атау беру және құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 16 қарашадағы қорытындысы негізінде, Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Атаусыз орталық алаңға «Тәуелсіздік алаңы» атауы берілсін.

2 2. Жітіқара қаласының мынадай көшелері қайта аталсын:

1 1) 40 лет Октября Бірлік көшесіне;

2 2) Аэродромная Бәйтерек көшесіне;

3 3) Комарова Береке көшесіне;

4 4) Степная Кең дала көшесіне.

3 3. «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1 1) осы бірлескен қаулы және шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бірлескен қаулы және шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы бірлескен қаулы және шешімнің ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы