Құжат мәтініне өту

Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа Отрарского района

Қаулы · № 124 · қабылданған 09.07.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 07.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123782/on/2026-09-07/
Басып шығарылды 2026-09-07 · adilet.kz
Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа Отрарского района Күшін жойған Қаулы ·№ 124 ·09.07.2018
26.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
07.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа Отрарского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 124 · 07.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа Отрарского района
Атауы (қаз.)
Отырар ауданының жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасмалдаудың тарифін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
124
Қабылданған күні
09.07.2018
Көрсетілген редакция
26.03.2024 123782_690758.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18UI004689
ЭКБ идентификаторы
123782
Редакция идентификаторы
123782_690758
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:47

0 Отырар ауданының

жолаушылар мен багажды
автомобильмен тұрақты
тасмалдаудың тарифін
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына және «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы №614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7297 болып тіркелген) сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Отырар ауданының Мыңшұқыр, Шәуілдір, Темір ауылдары бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршурутының жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 50 теңге көлемінде белгіленсін.

2 2. «Отырар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Отырар аудандық мәслихатының
хатшысы М.Манапов
4 шілде 2018 жыл

Қолданыстағы