Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий в селе Варваровка Узункольского района

Өзге акт · № 1 · қабылданған 09.07.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123809/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий в селе Варваровка Узункольского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·09.07.2018
25.12.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий в селе Варваровка Узункольского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий в селе Варваровка Узункольского района
Атауы (қаз.)
Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылында шектеу iс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
09.07.2018
Көрсетілген редакция
25.12.2018 123809_385066.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NSF07978
ЭКБ идентификаторы
123809
Редакция идентификаторы
123809_385066
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:47

0 Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылында шектеу iс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына , «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 139 ұсынысы негiзiнде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылының әкiмi ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, шектеу iс-шаралары белгіленсін.

2

2. «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi» «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдык денсаулық сақтау департаментінің Ұзынкөл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізу ұсынылсын.

3 3. «Ұзынкөл ауданы Варваровка аулының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімнің шешімін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлiгi
Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетiнiң
Ұзынкөл аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттiк
мекемесiнiң басшысы
_______________ Е. Талтыкеев
2018 жылы «9» шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің
Ұзынкөл аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы»
РММ басқарманың бастығы
_______________ Е. Исмагулов
2018 жылы «9» шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ұзынкөл ауданының
ветеринария бөлімі» мемлекеттiк
мекемесiнің басшысы
______________ М. Ыбрай
2018 жылы «9» шілде

Қолданыстағы