Құжат мәтініне өту

Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства)

Қаулы · № 210 · қабылданған 20.07.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123832/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) Күшін жойған Қаулы ·№ 210 ·20.07.2018
02.05.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства)

Күшін жойған Қаулы ·№ 210 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства)
Атауы (қаз.)
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
210
Қабылданған күні
20.07.2018
Көрсетілген редакция
02.05.2019 123832_403554.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18U0004700
ЭКБ идентификаторы
123832
Редакция идентификаторы
123832_403554
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:40

0 Акваөсіру (балық өсіру

шаруашылығы) өнімділігін
және өнім сапасын арттыруды
субсидиялау көлемдерін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы №237 бұйрығына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 15452 нөмірімен тіркелген Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түркістан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

4 4) осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін оны Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ. Тасжүрековке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ә.Е. Тұрғымбеков
Е.А. Садыр
Ұ. Сәдібеков
Т.Қ. Сәрсембаев
Е.Қ. Тасжүреков
А.С. Сәбитов
А.Б. Тасыбаев

9 Түркістан облысы

әкімдігінің 2018 жылғы
20 шілдедегі №210
қаулысына қосымша
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

Тауарлы балық өсіру өнімінің түрі
2018 жылы өсіру көлемі (тонна)
Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) 1 (бір) килограмм өнімін өндіруге жұмсалатын азық мөлшері, килограмм
Бағасы 1 кг (тенге)
Субсидия көлемі (мың теңге)
1
Бекіре және оның буданы
35,2
1,5
300
15 840,0
2
Албырт және оның буданы
25,0
1,2
360
10 800,0
3
Тұқы және оның буданы
1114,0
4,0
30
133 680,0
Барлығы
160 320,0

Қолданыстағы