Құжат мәтініне өту

Об определении приоритетных направлений расходов бюджета Есильского района Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 169 · қабылданған 11.07.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123845/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении приоритетных направлений расходов бюджета Есильского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған Қаулы ·№ 169 ·11.07.2018
18.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении приоритетных направлений расходов бюджета Есильского района Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 169 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении приоритетных направлений расходов бюджета Есильского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджет шығындарының басым бағыттарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
169
Қабылданған күні
11.07.2018
Көрсетілген редакция
18.11.2021 123845_546338.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18SF004863
ЭКБ идентификаторы
123845
Редакция идентификаторы
123845_546338
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:46

0 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджет шығындарының басым бағыттарын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағыжергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Занының 31- бабы 2 - тармағына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 213 - тармағына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 тіркелді) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджет шығындарының басым бағыттары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2

2) аудан әкімдігінің осы қаулысын мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы- Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) оны ресми жариялағаннан кейін «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында осы қаулыны орналастыру.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджет шығындарының басым бағыттары

Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл аудан әкімдігінің
2018 жылғы « 11 » шілдедегі
№ 169 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджет шығындарының басым бағыттары

1 1. Жалақы және басқа да ақшалай төлемдер, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстаулар;

2 2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақылар;

3 3.Алименттер;

4 4.Міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар;

5 5.Жәрдемақылар, стипендиялар;

6 6.Банктік қызмет ақысын төлеу;

7 7.ҚР Үкіметінің борыштық міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету жөніндегі төлемдер;

8 8.Зейнетақы, жәрдемақы және басқа әлеуметтік аударымдар;

9 9.Бюджет субвенциялары, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

10 10.Отын (ғимараттарды жылыту бөлігінде) сатып алуға арналған шығындар;

11 11.Тамақтануды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу бойынша қызметтер;

12 12.Атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау;

13 13.Іссапарлар мен қызметтік сапарлар.

Ескерту: қалған төлемдер шоттарының түсу кезектілігі тәртібімен жүргізіледі.

Қолданыстағы