Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы пруда на реке Маховка в створе границ земельных участков для строительства многоквартирного жилого дома в селе Солнечное Глубоковского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 206 · қабылданған 29.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123850/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы пруда на реке Маховка в створе границ земельных участков для строительства многоквартирного жилого дома в селе Солнечное Глубоковского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 206 ·29.06.2018
29.06.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы пруда на реке Маховка в створе границ земельных участков для строительства многоквартирного жилого дома в селе Солнечное Глубоковского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 206 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы пруда на реке Маховка в створе границ земельных участков для строительства многоквартирного жилого дома в селе Солнечное Глубоковского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының Солнечное ауылындағы көппәтерлі тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері шекараларының тұстамасындағы Маховка өзеніндегі тоғанның су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
206
Қабылданған күні
29.06.2018
Көрсетілген редакция
29.06.2018 123850_341521.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18V0005660
ЭКБ идентификаторы
123850
Редакция идентификаторы
123850_341521
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:51

0 Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының Солнечное ауылындағы көппәтерлі тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері шекараларының тұстамасындағы Маховка өзеніндегі тоғанның су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының Солнечное ауылындағы көппәтерлі тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері шекараларының тұстамасындағы Маховка өзеніндегі тоғанның су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының Солнечное ауылындағы көппәтерлі тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері шекараларының тұстамасындағы Маховка өзеніндегі тоғанның су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.Н. Нұрғалиев) бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Глубокое ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыс әкімінің аппараты, облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Қ. Баймағамбетов
2018 жылғы «2» шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2018 жылғы «29» маусым

12 Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының Солнечное ауылындағы көппәтерлі тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері шекараларының тұстамасындағы Маховка өзеніндегі тоғанның су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2018 жылғы «29» маусымдағы
№ 206 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының Солнечное ауылындағы көппәтерлі тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері шекараларының тұстамасындағы Маховка өзеніндегі тоғанның су қорғау аймағы мен су
қорғау белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
(Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Солнечное ауылындағы Мир көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жер учаскелері шекараларының тұстамасындағы) Маховка өзеніндегі тоған
0,121
1,9885
185-230
0,128
0,4935
35
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы