О присвоении наименований безымянным улицам сел Тайпак, Томпак и переименовании некоторых улиц села Тайпак Тайпакского сельского округа Акжаикского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований безымянным улицам сел Тайпак, Томпак и переименовании некоторых улиц села Тайпак Тайпакского сельского округа Акжаикского района
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Тайпақ, Томпақ ауылдарының атаусыз көшелеріне атау беру және Тайпақ ауылының кейбір көшелеріне қайта атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 23.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2018 123889_342401.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZBK05316
- ЭКБ идентификаторы
- 123889
- Редакция идентификаторы
- 123889_342401
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:39
0 Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық
округінің Тайпақ, Томпақ
ауылдарының атаусыз көшелеріне
атау беру және Тайпақ ауылының
кейбір көшелеріне қайта атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, Тайпақ және Томпақ ауылдарының халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Тайпақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Тайпақ және Томпақ ауылдарының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1 1) Тайпақ ауылы бойынша:
№5 жобалық көшесі – «Бейбітшілік» көшесі;
№8 жобалық көшесі – «Абай» көшесі;
№9 жобалық көшесі – «Махамбет» көшесі;
№15 жобалық көшесі – «Құрылысшы» көшесі;
№22 жобалық көшесі – «Жамбыл» көшесі;
№26 жобалық көшесі – «Жайық» көшесі.
2 2) Томпақ ауылы бойынша:
№1 жобалық көшесі – «Өріс» көшесі;
№2 жобалық көшесі – «Құлагер» көшесі.
2 2. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Тайпақ ауылының кейбір көше атаулары:
«Гагарин» көшесі – «Достық» көшесі;
«Чапаев» көшесі – «Хан тәңірі» көшесі;
«Ленин» көшесі –«Бақтығали Бисенов» көшесі;
«Фурманов» көшесі – «Сарыжайлау» көшесі;
«Хаустов» көшесі – «Кеңжайлау» көшесі;
«Октябрьдің 50 жылдығы» көшесі – «Азаттық» көшесі;
«Шемякин» көшесі – «Көкпар» көшесі;
«Жеңістің 40 жылдығы атындағы» көшесі – «Жеңіс» көшесі;
«М.Маметова» көшесі – «Мәншүк Мәметова» көшесі;
«А.Молдагулова» көшесі – «Әлия Молдағұлова» көшесі;
«Ж.Молдагалиев» көшесі – «Жұбан Молдағалиев» көшесі;
«И.Тайманов» көшесі – «Исатай Тайманов» көшесі;
«К.Сағырбаев» көшесі – «Құрманғазы» көшесі;
«Д.Нурпейсова» көшесі – «Дина Нұрпейісова» көшесі;
«М.Ауезов» көшесі – «Мұхтар Әуезов» көшесі;
«Чурин» көшесі – «Хамит Чурин» көшесі;
«Пушкин» көшесі – «Александр Пушкин» көшесі;
«Жумалиев» көшесі – «Тыныс Жұмалиев» көшесі;
«Д.Жауымбаев» көшесі – «Демеу Жауымбаев» көшесі;
«Жумакаев» көшесі – «Төлеген Жұмақаев» көшесі;
«Гильманов» көшесі – «Қалеш Ғилманов» көшесі;
«Т.Масин» көшесі – «Темір Масин» көшесі;
«Кашкенов» көшесі – «Әбдір Кашкенов» көшесі;
«Орталық алаң» көшесі – «Орталық алаң» көшесі деп қайта аталсын.