О премиях Акима Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О премиях Акима Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлықтары туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 172
- Қабылданған күні
- 06.06.2002
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2009 12393_186393.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V02V000837_
- ЭКБ идентификаторы
- 12393
- Редакция идентификаторы
- 12393_186393
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:00
0 Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлықтары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.08 № 91 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 28 тамыз 1999 жылғы N 73
Өкімін
іске асыру, сонымен қатар аймақтық ақпараттық кеңістікті тиімді дамытуда, дарынды журналистердің және шығармашылық топтардың жұмыстарын ынталандыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жыл сайынғы берілетін сыйлықтары туралы Ережесі бекітілсін. (N 1 қосымша).
2 2. Ішкі саясат департаменті (Саиров Е.Б.) үстіңгі жылдың 15 маусымына дейін облыс Әкімінің сыйлығына үміткерлердің кандидатураларын қарау және іріктеу бойынша конкурс комиссиясының құрылымы жөнінде ұсыныстарды енгізсін.
3 3. 2002 жылғы сыйлықты беру ішкі саясат Департаментіне жергілікті деңгейде жастардың аймақтық саясатын өткізуге бөлінген қаражаттар есебінен жүргізілсін.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің бірінші орынбасары Т.Ж. Абайділдинге жүктелсін.
5 Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін Шығыс Қазақстан облыс Әкімінің сыйлықтары туралы ЕРЕЖЕ
Шығыс Қазақстан облысы Әкімиятының
2002 жылғы 7 маусым N 172 қаулысына
N 1 қосымшасы
Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін Шығыс Қазақстан облыс Әкімінің сыйлықтары туралы ЕРЕЖЕ
1 1. Облыс Әкімінің сыйлықтары аймақтық журналистиканың дамуына, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жариялауға, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.
2 2. Облыс Әкімінің сыйлықтары жыл сайын Қазақстанның журналистика күнінде тапсырылады.
3 3. Сыйлықтар 7 номинация бойынша тапсырылады:
1 1) қоғамдық-саяси тақырыптама;
2 2) азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайту үшін;
3 3) облыс тарихы мен мәдениеті;
4 4) аймақтың экономикасын дамыту;
5 5) әлеуметтік-экономикалық реформаларды ақпараттандыру үшін;
6 6) жастар және балалар тақырыптары;
7 7) рухани және адамгершілік мәселелерін жариялағаны үшін.
Бір үміткер екі немесе одан көп номинация сыйлығына ұсынылмайды.