Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 08 · қабылданған 27.07.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123942/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 08 ·27.07.2018
27.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 08 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
08
Қабылданған күні
27.07.2018
Көрсетілген редакция
27.12.2019 123942_435218.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18TEE04213
ЭКБ идентификаторы
123942
Редакция идентификаторы
123942_435218
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:37

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 151 ұсынысы негізінде Көздіғара ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Көздіғара ауылдық округіне қарасты Қоныстану ауылы аумағының мүйізді ұсақ қара малдарынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қызылқоға аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының
«Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорны бас дәрігері
С. Тайшыбай
«27» шілде 2018 жыл
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау
комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық
сақтау департаментінің Қызылқоға аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесі басшысы
А.Б. Аймуратова
«27» шілде 2018 жыл

Қолданыстағы