Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства юстиции Республики Казахстан

Бұйрық · № 1140 · қабылданған 23.07.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-123948/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства юстиции Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 1140 ·23.07.2018
18.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства юстиции Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 1140 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства юстиции Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1140
Қабылданған күні
23.07.2018
Көрсетілген редакция
18.05.2023 123948_632681.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017246
ЭКБ идентификаторы
123948
Редакция идентификаторы
123948_632681
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:39

0 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді
қолдану қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін атқарушы
2018 жылғы 23 шілдедегі
№ 1140 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік
қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі–Министрлік) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері туралы» Заңның 35-бабына сәйкес әзірленді және Министрліктің орталық аппаратының және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін анықтайды.

2 2. Министрліктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін:

1 1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;

2 2) алғыс жариялау;

3 3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

4 4) грамотамен марапаттау;

5 5) құрметті атақ беру;

6 6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге осы тармақта көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана және нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, бір рет қана қолданылуы мүмкін.

3

3. Министрліктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілері қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметтерін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.

4 4. Министрлік орталық аппаратының және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақымен көтермелеу мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мәселелері жөніндегі комиссиясының шешімінің негізінде жүргізіледі (бұдан әрі – комиссия).

Комиссия құрамын Әділет министрі немесе аумақтық органдардың басшысы бекітеді және кемінде 5 адамнан тұрады.

5 5. Біржолғы ақшалай сыйақы төлемі қаржыландыру жоспары бойынша Министрлікті және оның аумақтық органдарын ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеу есебінен Министрліктің аппарат басшысының немесе аумақтық органдар басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

6 6. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, Министрліктің алдына қойған ерекше маңызды тапсырмаларын шешуде қосқан жеке үлесі үшін Министрліктің грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

7 7. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, Министрлік басшылығының тапсырмаларын тиісті және адал атқарғаны үшін Әділет министрінің алғысы жарияланады.

8

8. Министрлік грамотасымен, Әділет министрінің алғысын жариялаумен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы шешімді Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және аумақтық органдардың басшыларының мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып ұсынымдары бойынша қабылдайды және Әділет министрінің бұйрығымен рәсімделеді.
Министрлік грамотасымен, Әділет министрінің алғысын жариялаумен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы ұсынымдар мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып жетекшілік ететін министрдің орынбасарымен/вице-министрмен/аппарат басшысымен келісілген Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының қолымен немесе аумақтық органдар басшыларының қолымен Министрліктің персоналды басқару қызметіне жолданады.

9 9. Аумақтық органдардың грамотасымен және аумақтық органдары басшысының алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешімді аумақтық органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсынымдары бойынша қабылдайды және аумақтық органдардың басшыларының бұйрығымен ресімделеді.

Грамотамен және алғысын жариялаумен көтермелеу туралы ұсынымдары мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып аумақтық органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының қолымен персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жолданады.

10 10. Егер грамотамен, алғыс хатпен көтермелеу мерекелік және мерейтойлық күндерге арналған болса, онда көтермелеу туралы ұсыныс Министрліктің немесе оның аумақтық органадарының персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тиісті күнге дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірілмей жолданады.

11 11. Грамота және алғыс хат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде әзірленеді және Әділет министрінің немесе аумақтық органдар басшыларының қолы қойылады.

12

12. Мемлекеттік қызметшілерді Әділет министрі немесе аумақтық органдар басшысының грамотасымен және алғыс хатымен көтермеленуді есепке алуды Министрліктің және оның аумақтық органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына деректерді енгізе отырып жүзеге асырады.

13 13. Грамота мен алғыс хат жоғалған жағдайда олардың түпнұсқалары берілмейді.

14 14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді ведомстволық наградалармен марапаттау жүзеге асырылады.

15 15. Мынадай мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:

1 1) тәртіптік жазалары алынбаған;

2 2) сынақ мерзімін өтеу кезеңінде;

3 3) Әділет органдарында бір айдан кем жұмыс істегендер.

Қолданыстағы