О развитии транспортно-коммуникационной сферы в Западно-Казахстанской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында көлік-коммуникация саласын дамыту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.01.2005 № 24 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылдың 23 қаңтарындағы N 148, "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 271-II Заңдарын басшылыққа ала отырып, "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 8 қаңтардағы N 17-2 шешiмiне өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы" облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 1 ақпандағы N 18-1 шешiмiн орындау үшiн және халықтық әуе тасымалына деген қажетiн қанағаттандыру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Жергiлiктi бюджеттен демеу қаржы берiлетiн авиамаршруттар тiзбесi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетiнiң бекiтуiне енгiзiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Тұрақты әуе тасымалына жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен демеу қаржы берудiң уақытша Ережесi бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Әуе тасымалын қаржыландыру жөнiндегi бағдарлама әкiмшiсi - облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiк басқармасы әуе тасымалына облыстық бюджетте қаралған қаржы шегiнде демеу қаржы берсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.П. Качалоға жүктелсiн.
Басқа 5. 2002 жылы бюджет қаржысы есебiнен демеу қаржы берiлетiн маршруттардың ТIЗБЕСI
Облыс әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 12 мамырдағы №98 қаулысына N 1 қосымша 2002 жылы бюджет қаржысы есебiнен демеу қаржы берiлетiн маршруттардың ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. Орал - Астана - Орал
Басқа 7. Орал - Астана - Орал бағыты бойынша тұрақты әуе тасымалына жергiлiктi бюджет есебiнен демеу қаржы берудiң уақытша ережесi
Облыс әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 12 мамырдағы №98 қаулысына N 2 қосымша Орал - Астана - Орал бағыты бойынша тұрақты әуе тасымалына жергiлiктi бюджет есебiнен демеу қаржы берудiң уақытша ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақша 1
1) Тұрақты жолаушылар әуе тасымалына жергiлiктi бюджет есебiнен демеу қаржы берудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес облыс әкiмдiгi бекiткен бюджеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында әзiрлендi.
Тармақша 2
2) Осы ереже авиамаршруттардың тиiмдi қызмет етуi және оны тиiстi дәрежеде орындауы үшiн қажеттi табыс деңгейiн қамтамасыз ете алмайтын тұрақты әуе тасымалдарына демеу қаржы берудiң жағдаяттарын реттейдi.
Тармақша 3
3) Жергiлiктi бюджет есебiнен демеу қаржы берiлетiн авиамаршруттардың тiзбесiн облыс әкiмдiгi жыл сайын қолданыстағы заңнамаларда белгiленген тәртiпте бекiтiп отырады.
Тармақша 4
4) Тиiстi жылға жергiлiктi бюджетте қаралған қаржы шегiнде және есебiнен авиамаршруттарға демеу қаржы беру төлемдер түрiнде жүргiзiледi.
Тармақша 5
5) Авиамаршруттар бойынша әуе тасымалын орындауға тiлек бiлдiрушi авиакомпаниялар төмендегiдей талаптарға сәйкес болуы тиiс: а) Қазақстан Республикасының резидентi болуы; б) Жолаушылар, қол жүгi, жүк, почта тасымалдау жөнiнде қызмет көрсету үшiн авиамаршруттарға арналған Азаматтық авиация комитетiнiң рұқсаты болуы.
Тарау 2. 2. Авиамаршруттарға демеу қаржы тағайындаудың және төлеудiң тәртiбi
2. Авиамаршруттарға демеу қаржы тағайындаудың және төлеудiң тәртiбi
Тармақша 1
1) Демеу қаржы беру тек қана 1-дәрежелi, бизнес - және эконом - дәрежелi әуе кемелерiмен әуе тасымалын орындайтын авиамаршруттар Тiзiмiне енгiзiлгендерге ғана қолданылады.
Тармақша 2
2) Авиамаршруттарға демеу қаржы беру авиамаршруттар бойынша жолаушылар тасымалын орындау барысында туындаған зиянның орнын толтыруға бағытталады.
Тармақша 3
3) Белгiленген тәртiпте бекiтiлген авиамаршруттар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын, көрсетiлген маршрутта қызмет көрсететiн авиакомпания мен әкiмдiк тағайындаған өкiлеттi орган арасында жасалған шарт болған жағдайда демеу қаржы авиакомпанияларға төленедi.
Тармақша 4
4) Әрбiр жекеленген авиамаршрутқа демеу қаржы беру көлемiн өкiлеттi орган қолданыстағы тариф пен әрбiр маршрут бойынша жолаушылар тасымалдау кезiнде қалыптасқан пайдалану шығындарының көлемi арасындағы айырманы жабу есебiнен белгiлейдi.
Тармақша 5
5) Өкiлеттi орган демеу қаржыны өтеу сомасы мен жолаушыларды әуемен тасымалдаудың нақты орындалған көлемiн куәландыратын акт тапсырылған күннен бастап 5 күннен кешiктiрмей ай сайын төлеудi жүзеге асырады.
Тармақша 6
6) Жергiлiктi бюджеттен авиамаршруттар бойынша демеу қаржы беру көлемi өкiлеттi органның өтiнімiне сәйкес бөлiнедi.
Тармақша 7
7) Демеу қаржы алуға құжаттар тапсырушы авиакомпаниялар ұсынатын құжаттардың дұрыстығына толық жауап бередi.