Об установлении ограничительных мероприятий в селе Калжыр Калжырского сельского округа Курчумского района по отношению табунам организуемыми жителями села Ақатай Қайырбек, Бекжанов Нурбек, Қахарман Тоқан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий в селе Калжыр Калжырского сельского округа Курчумского района по отношению табунам организуемыми жителями села Ақатай Қайырбек, Бекжанов Нурбек, Қахарман Тоқан
- Атауы (қаз.)
- Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі Қалжыр ауылына, оның ішінде ауыл тұрғындары Ақатай Қайырбек, Бекжанов Нурбек, Қахарман Тоқан ұйымдастырған табындарға шектеу іс-шарасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 25.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2020 123981_449235.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VNH00170
- ЭКБ идентификаторы
- 123981
- Редакция идентификаторы
- 123981_449235
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:38
0 Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі
Қалжыр ауылына, оның ішінде ауыл
тұрғындары Ақатай Қайырбек,
Бекжанов Нурбек, Қахарман Тоқан
ұйымдастырған табындарға шектеу
іс-шарасын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 18 мамырдағы №400 ұсынысы негізінде, Қалжыр ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қалжыр ауылдық округінің Қалжыр ауылына, оның ішінде ауыл тұрғындары Ақатай Қайырбек, Бекжанов Нурбек, Қахарман Тоқан ұйымдастырған табындарға малдарын қосқан мал иелерінің мүйізді ірі қара малдарының арасынан сарып ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2 2. «Қалжыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;