Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Атбасарском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Атбасарском районе
- Атауы (қаз.)
- Атбасар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-7/267
- Қабылданған күні
- 17.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2019 124015_402019.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BE006745
- ЭКБ идентификаторы
- 124015
- Редакция идентификаторы
- 124015_402019
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:42
0 Атбасар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атбасар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Х.Тажденоваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігі Ақмола облысының Ішкі
істер департаменті Атбасар ауданының
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығының міндетін атқарушы Е. Айтқожынов
«17» 07 2018 жылы
4 Атбасар ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «17» 07
№ а-7/267 қаулысына
қосымша
Атбасар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1 1-тарау. Көтермелеудің түрлері
1 1. Атбасар ауданы әкімінің алғыс хаты.
2 2. Ақшалай сыйақы.
2 2-тарау. Көтермелеудің тәртібі
3 3. Осы тәртіп Атбасар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.
4 4. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Атбасар ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
5 5. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкi iстер департаментi Атбасар ауданының ішкі істер бөлімі» (бұдан әрi – ІІБ) мемлекеттiк мекемесiмен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.
6 6. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
7 7. Ақшалай сыйақыны төлеуді ІІБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.
8 8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін ІІБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.
9 9. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, Атбасар ауданы әкімінің алғыс хатын табыстау ІІБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.
3 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері
10
10. Ақшалай сыйақы мөлшерiн қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн, сонымен қатар онымен оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.