Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении мест для осуществления выездной торговли в населенных пунктах Зыряновского района

Қаулы · № 185 · қабылданған 12.06.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124034/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об определении мест для осуществления выездной торговли в населенных пунктах Зыряновского района Күшін жойған 01.12.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении мест для осуществления выездной торговли в населенных пунктах Зыряновского района

Күшін жойған Қаулы № 185 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для осуществления выездной торговли в населенных пунктах Зыряновского района
Атауы (қаз.)
Зырян ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
185
Қабылданған күні
12.06.2018
Көрсетілген редакция
01.12.2022 124034_617424.kaz
Соңғы өзгеріс
01.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VL000162
ЭКБ идентификаторы
124034
Редакция идентификаторы
124034_617424
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:07
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Зырян ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 27-баптарына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Зырян ауданының елді мекендері аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Зырян ауданы елді мекендерінің аумағында мына орындар көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары болып белгіленсін:

1) Зырян қаласында автосөрелерден және палаткалардан 1-қосымшаға сәйкес орындар;

2) Зырян ауданының елді мекендерінде арнайы мұздатқыш құралдарынан балмұздақ, салқындатқыш сусындарды палаткалардан сату үшін 2-қосымшаға сәйкес орындар;

3) Серебрянск қаласында, кенттерде және ауылдарда автосөрелерден және палаткалардан 3-қосымшаға сәйкес орындар.

2. «Зырян қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

1) Зырян ауданының әділет басқармасында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Зырян ауданы аумағында таратылатын мерзімдік баспаға оның көшірмесі ресми жариялауға жіберілуін;

4) қаулы ресми жарияланғаннан кейін Зырян ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

11 Зырян қаласында автосөрелерден және палаткалардан көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар

Зырян ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 12 маусымдағы
№ 185 қаулысына
1-қосымша
Зырян қаласында автосөрелерден және палаткалардан көшпелі сауданы жүзеге
асыруға арналған орындар

1. «Восток» шағын базарында, Бочарников – Стахановская көшелерінің қиылысында.

2. Солнечная көшесінің бойындағы шағын базарда.

3. Бочарников көшесінің бойындағы қалалық шағын базарда.

4. Панфилов – Бухтарминская көшелерінің қиылысында.

16 Зырян ауданының елді мекендерінде арнайы тоңазытқыш құралдарынан балмұздақ және салқындатқыш сусындарды палаткалардан сату үшін көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар

Зырян ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 12 маусымдағы
№ 185 қаулысына
2-қосымша
Зырян ауданының елді мекендерінде
арнайы тоңазытқыш құралдарынан балмұздақ
және салқындатқыш сусындарды палаткалардан сату үшін көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар

1. Автобекеттер ауданында.

2. Киоскілер, дүкендер мен сауда үйлерінің ауданында.

3. Ресторандар, кафелер, барлар және асханалар ауданында.

4. Теміржол вокзалдары мен станцияларының ауданында.

5. Саябақтарда, скверлерде, аллеяларда және алаңдарда.

22 Серебрянск қаласында, кенттерде және ауылдарда автосөрелерден және палаткалардан көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар

Зырян ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 12 маусымдағы
№ 185 қаулысына
3-қосымша
Серебрянск қаласында, кенттерде және ауылдарда автосөрелерден және
палаткалардан көшпелі сауданы жүзеге
асыруға арналған орындар

1. Серебрянск қаласында:

1) Тохтаров көшесінің бойындағы Орталық базардың ауданында жаяу жүргіншілер жолында;

2) Некрасов көшесінің бойында «Снежинка» дүкенінің алдында;

3) Комсомольская көшесінің бойындағы № 80, № 82, № 84 үйлердің ауданындағы алаңда;

4) теміржол вокзалы.

2. Прибрежный кентінде наубайхана ауданындағы алаңда.

3. Зубовск кентінде теміржол вокзалына іргелес аумақта.

4. Тұрғысын ауылында «Камилла» кафесінің алдында, «Қаратай» кафесінің алдында, орталық алаңда.

5. Феклистовка ауылында «Достық» дүкенінің жанында.

6. Северное ауылында «Радуга» дүкенінің жанында.

7. Малеевск ауылында Бухтарминская көшесі бойынша және Бұқтырма өзені арқылы өтетін көпір жанында.

8. Первороссийское ауылында автобус аялдамасының жанында.

9. Васильевка ауылында автобус аялдамасының жанында.

10. Жаңа Бұқтырма кентінде жеке кәсіпкер «Литвиновтың», жеке кәсіпкер «Жигловтың» базарында.

11. Жаңа Бұқтырма кентінде «Бұқтырма» жай бақшашылық серіктестігіне іргелес аумақта.