Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Жарлық · № 727 · қабылданған 07.08.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124039/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан Қолданыста Жарлық ·№ 727 ·07.08.2018
31.07.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Қолданыста Жарлық ·№ 727 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
727
Қабылданған күні
07.08.2018
Көрсетілген редакция
31.07.2023 124039_647648.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1800000727
ЭКБ идентификаторы
124039
Редакция идентификаторы
124039_647648
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:33

0 Қазақстан Республикасы Президентінің

кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 7 тамыздағы
№ 727 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

1 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):

2-қосымша осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2

3 3. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 130-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3.  Комитеттің Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, облыстарда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармалары және оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық органдар) болады, олар өз қызметінде Комитет төрағасына бағынады.».

4 4. «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 47-48-49, 313-құжат):

1 1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ережеде:

6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың (республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары) тізбесі
1) Ақмола облысының прокуратурасы;
2) Ақтөбе облысының прокуратурасы;
3) Алматы облысының прокуратурасы;
4) Атырау облысының прокуратурасы;
5) Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы;
6) Жамбыл облысының прокуратурасы;
7) Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы;
8) Қарағанды облысының прокуратурасы;
9) Қостанай облысының прокуратурасы;
10) Қызылорда облысының прокуратурасы;
11) Маңғыстау облысының прокуратурасы;
12) Павлодар облысының прокуратурасы;
13) Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы;
14) Түркістан облысының прокуратурасы;
15) Астана қаласының прокуратурасы;
16) Алматы қаласының прокуратурасы;
17) Шымкент қаласының прокуратурасы;
18) Бас әскери прокуратура;
19) Бас көлік прокуратурасы.»;

2 2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сыныптық шендер берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендердің тізбесіне («Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісімен).

2 Қазақстан Республикасы прокуратурасының ЖАЛПЫ ШТАТ САНЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің
2018 жылғы 7 тамыздағы
№ 727 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы
№ 29 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы прокуратурасының
ЖАЛПЫ ШТАТ САНЫ
Қазақстан Республикасының прокуратурасы, оның ішінде: Бас прокуратура, Құқық қорғау органдары академиясы, прокуратура органдары, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық органдары
5716

Қолданыстағы