Вопросы Военного института Сухопутных войск
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Вопросы Военного института Сухопутных войск
- Атауы (қаз.)
- Құрлық әскерлерiнің әскери институты мәселелері
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 659
- Қабылданған күні
- 16.06.2002
- Көрсетілген редакция
- 02.12.2016 AI12404_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020000659_
- ЭКБ идентификаторы
- 12404
- Редакция идентификаторы
- AI12404_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:59
0 Құрлық әскерлерiнің әскери институты мәселелері
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Атауы және мәтінінде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.31. N 1080 қаулысымен .
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2002 жылғы 27 ақпандағы N 815 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. Қоса беріліп отырған Құрлық әскерлерi әскери институтының мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) туралы ереже бекiтiлсiн.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.31. N 1080 қаулысымен .
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.26 № 580 Қаулысымен.
3 3. Мекеме қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджетте 009 "Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мұқтажына көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707 қаулысымен.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
6 "Құрлық әскерлерiнiң әскери институты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже <*>
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 17 маусымдағы
N 659 қаулысымен
бекітілген
"Құрлық әскерлерiнiң әскери институты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже <*>
📌 Ескерту. Атауы және мәтінінде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.31. N 1080 қаулысымен .
1 1. Жалпы ереже
1 1. Құрлық әскерлерiнiң әскери институты (бұдан әрi - Институт) жоғары және орта кәсiптiк әскери бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыратын әскери оқу орны болып табылады.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.31. N 1080 қаулысымен .
2 2. Институт өз қызметiн Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентiнiң, Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3
3. Институт мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында Жауынгерлiк Туы, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi, мөртаңбасы мен белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоты болады.
Институт өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
4 4. Институт заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Институт бастығының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.
5 5. Институттiң заңды мекен-жайы: 480094, Алматы қаласы, Красногорская көшесi, 35.
6 6. Институттiң толық атауы:
"Құрлық әскерлерiнiң әскери институты" Мемлекеттiк мекемесi.
📌 Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.31. N 1080 қаулысымен .