Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 513 · қабылданған 13.07.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124045/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 513 ·13.07.2018
13.07.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 513 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
513
Қабылданған күні
13.07.2018
Көрсетілген редакция
13.07.2018 124045_347857.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017275
ЭКБ идентификаторы
124045
Редакция идентификаторы
124045_347857
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:43

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын

біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығында
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 9942 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы
10 наурызда жарияланған):
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа
1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2) «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті

жүзеге асыруға сараптама ұйымдарына қойылатын біліктілік
талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110
бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 10496 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-
құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған):
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сараптама ұйымдарына қойылатын қоса берiлiп отырған рұқсат беру талаптары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы
аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарына
қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес
жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше

жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет

министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап

күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық
түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан
Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық
бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін
«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына
жолдауды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік

он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына
ресми жариялауға жолдауды;

4 4) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
____________ Д. Абаев
2018 жылғы 19 шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 19 шілде

1 Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 13 шілдедегі
№ 513 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 7 қарашадағы
№ 783 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары

1

1. Осы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары (бұдан әрі – рұқсат беру талаптары) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің Қазақстан Республикасының ұйымдарында, елді мекендері мен объектілерінде өрттердің алдын алу мен сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды орындауға мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің сәйкестігін анықтау мақсатында әзірленген.

2 2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге мынадай рұқсат беру талаптары қойылады:

1

1) осы рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу туралы куәлігі, автомобильдің техникалық байқаудан өткені туралы куәлігі және негізгі өрт сөндіру автомобилінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актісімен расталған кемінде бір өрт сөндіру автомобилінің болуы*;

2 2) жұмыскерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыру үшін меншік құқығында не өзге құқықта ғимараттың немесе үй-жайдың болуы;

3 3) осы рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген нормалар бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақпен қамтамасыз етілген мынадай сандағы штаттық жұмыскерлердің болуы:

кезекшілік ауысымға әр негізгі өрт сөндіру автомобиліне жүргізушіні қоса алғанда 4 жұмыскер есебінен кемінде 16 адам*;
кезекшілік ауысымға 2 жұмыскер есебінен кемінде 8 адам**;

4 4) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің осы рұқсат беру талаптарына 3-қосымшада көрсетілген біліктілікке сәйкес келуі.

Ескертпе:
* - жолға шығатын өрт сөндіру техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер үшін;
** - жолға шығатын өрт сөндіру техникасы жоқ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер үшін.

1.1 Негізгі өрт сөндіру автомобилінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актісі *

Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерге қойылатын
рұқсат беру талаптарына
1-қосымша
Нысан
Негізгі өрт сөндіру автомобилінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актісі *
_________________________________________________________________________
(МӨҚҚ атауы)
Маркасы, моделі ______________ шасси __________ шыққан жылы _____________________
тіркеу нөмірлік белгісі _______________________ иесі ________________________________
шасси_______________________ шанағы ______________ қозғалтқышы__________________

1 1. № _______________________ автомобиль формулярының болуы және оны жүргізу,

____________________ № ________________ көлік құралын тіркеу туралы куәлік, техникалық байқаудан өтуі туралы куәлік.

2 2. Спидометр бойынша жүріп өткен жолы_________________км.

3 3. Автомобильдегі өрт-техникалық жабдық пен жарақтың тізімдемесі мен оның болуы:

Р/с №
Жаб­дық пен жа­рақ­тың ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
Бо­луы (бар/жоқ)
1
2
3
4
5
1
Ұзынды­ғы 4 м диа­мет­рі 125 мм сор­ғыш тү­тік
да­на
2
2
Ұзынды­ғы 4 м диа­мет­рі 75 мм сор­ғыш тү­тік
да­на
2
3
Ұзынды­ғы 4-5 м диа­мет­рі 77 мм, гид­рант­тан жұ­мыс іс­те­у­ге ар­нал­ған те­ге­урін­ді тү­тік
да­на
2
4
Ұзынды­ғы 20 м диа­мет­рі 77 мм те­ге­урін­ді тү­тік
да­на
6
5
Ұзынды­ғы 20 м диа­мет­рі 66 мм те­ге­урін­ді тү­тік
да­на
10
6
Ұзынды­ғы 20 м диа­мет­рі 51 мм те­ге­урін­ді тү­тік
да­на
6
7
Ұзынды­ғы 4 м диа­мет­рі 30 мм сор­ғыш тү­тік
да­на
1
8
Ұзынды­ғы 12 м жі­бі бар СВ-125 сор­ғыш тү­тікке ар­нал­ған тор
да­на
1
9
РТ – 70 (РТ – 80) 3 жү­рі­сті тар­мақ­та­лу
да­на
2
10
Бі­те­уі­ші бар ВС-125 тү­тікке су жи­на­ғыш
да­на
1
11
Гид­рант­тар­ды ашу­ға ар­нал­ған жал­ғай­тын кі­лт­тер
да­на
1
12
Газ тү­тін­нен қор­ғау қыз­ме­ті­нің ба­ғыт­та­у­шы ар­қа­ны
да­на
1
13
66x51 жал­ға­ма­лы өт­пе­лі ба­сти­ек
да­на
2
14
77x51 жал­ға­ма­лы өт­пе­лі ба­сти­ек
да­на
2
15
77x66 жал­ға­ма­лы өт­пе­лі ба­сти­ек
да­на
2
16
Тү­тік бе­кіт­кіш
да­на
4
17
Тү­тік қы­сқы­штар
да­на
4
18
Өрт ко­лон­ка­сы
да­на
1
19
К-150 сор­ғыш тү­тіктер­ді қо­су­ға ар­нал­ған кі­лт­тер
да­на
2
20
К-80 те­ге­урін­ді тү­тіктер­ді қо­су­ға ар­нал­ған кі­лт­тер
да­на
2
21
Гид­рант­тар­дың қақ­пақ­та­рын ашу­ға ар­нал­ған кі­лт­тер
да­на
1
22
Г-600 гид­ро­эле­ва­то­ры
да­на
1
23
РСК – 50 оқ­па­ны
да­на
4
24
РСА оқ­па­ны
да­на
2
25
РС –70 оқ­па­ны
да­на
2
26
СВП-4 ауа-кө­бік­ті оқ­па­ны
да­на
2
27
Та­сы­мал­да­на­тын ла­фет­ті оқ­пан
да­на
1
28
ГПС-600 есе­лі­гі ор­та­ша кө­бік ге­не­ра­то­ры
да­на
2
29
Үш иін­ді са­ты
да­на
1
30
Ша­буыл са­ты­сы
да­на
1
31
Та­яқ-са­ты
да­на
1
32
Ұзынды­ғы 2,5 метр­лік ме­талл ба­гор
да­на
1
33
«Әм­бе­бап» сүй­мен
да­на
1
34
Ұста зіл­бал­ға­сы
да­на
1
35
Бал­та­шы бал­ға­сы
да­на
1
36
Жал­пақ кү­рек
да­на
1
37
Ағаш қап­та­ғы ағаш ке­се­тін ара
да­на
1
38
Ар­ма­ту­ра ке­су­ге ар­нал­ған қай­шы
да­на
1
39
Электр өт­кіз­гіш­тер­ді ке­су­ге ар­нал­ған ас­пап­тар жиын­тығы, оның ішін­де:
ди­элек­тр­лік тұт­қа­сы бар қай­шы;
да­на
1
ди­элек­тр­лік қол­ғап;
жұп
1
ди­элек­тр­лік бо­ты;
жұп
1
ди­элек­тр­лік кі­лем­ше.
да­на
1
40
Ұзынды­ғы 30 м бре­зент қап­та­ғы құт­қа­ру ар­қа­ны
да­на
1
41
Өрт­те жұ­мыс іс­те­у­ге ар­нал­ған ты­ныс алу ор­ган­да­рын же­ке қор­ғау құ­рал­да­ры (ұсы­ны­ла­ды)
да­на
4
42
Жы­лу ша­ғы­лы­стыр­ғыш ко­стюм
да­на
3
43
Ре­зең­ке етік
жұп
4
44
Элек­тр­лік же­ке шам
да­на
5
45
Элек­тр­лік топ­тық шам
да­на
1
46
Ме­ди­ци­на­лық дә­рі-дәр­мек сө­мке­сі
жиын­тық
1
47
ОУ-5 неме­се ОП - 5 өрт сөн­дір­гіш
да­на
1
48
Қы­сқа сап­ты кү­рек
да­на
1
49
Ав­то­мо­биль­ге тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған ас­пап­тар жиын­тығы
жиын­тық
1
50
Ав­то­мо­биль ра­дио­стан­ци­я­сы
да­на
1
51
Та­сы­мал ра­дио­стан­ция
да­на
4
52
Сиг­нал­дық-да­уыс зо­райт­қыш құ­ры­л­ғы
да­на
1
53
Дом­крат 5 – 10 т
да­на
1

4 4. Сигналдық дауыс зорайтқыш құрылғының, сиреналардың, жарқыл маяктардың жай-күйі

________________________________________________________________________
(болуы және жарамдылығы)

5 5. Радиостанциялардың жай-күйі__________________________________________

(болуы және жарамдылығы)

6 6. Өрт сөндіру автомобилінің өрт сорғышының, газ ағысы-вакуумды тетігінің және/немесе өзге де арнайы агрегаттарының (атауларын көрсете отырып) жай-күйі, атқарған жұмысы (мото-сағаттар)

________________________________________________________________________
(өрт сорғыштың өрт сөндіргіш құралдарын беру қабілеттігі, ашық су көзінен
су алу және гидрант арқылы жұмыс істеу)

7 7. Өрт сөндіру автомобилінің техникалық жай-күйі және өртте жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезіндегі жұмысқа қабілеттілігі бойынша жалпы қорытынды

______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Комиссия мүшелерінің қолдары:
Комиссия төрағасы ________________________________________________________
(бар болған жағдайда қолы, аты-жөні, тегі)
Комиссия мүшелері ________________________________________________________
(бар болған жағдайда қолы, аты-жөні, тегі)
М.О.
*автомобильдің жай-күйін тексеру және осы актіні жасау мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің орналасқан жері бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің комиссиясына жүктеледі.

1.2 Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақтау тізбесі

Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерге қойылатын
рұқсат беру талаптарына
2-қосымша
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақтау тізбесі
Р/с

Ар­найы ки­ім-ке­шек пен өрт­ке қар­сы жа­рақ­тың ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
1
2
3
4
1
Өрт өн­ді­ру­ші­нің жа­уын­гер­лік ки­і­мі
жиын­тық
1
2
Жүн қо­сы­л­ған ма­та­дан тігі­л­ген шлем­нiң асты­нан ки­етiн бас киiм
да­на
1
3
Қор­ға­ныш тү­стi мой­ны жа­бық сви­тер
да­на
1
4
Бі­лек­ті бре­зент­тi қол­ғап
жұп
1
5
Бі­лек­ті терi қол­ғап
жұп
1
6
Ка­ра­бинi бар өрт сөн­дiру­шiнiң құт­қа­ру бел­дi­гi
да­на
1
7
Өрт сөн­дiру­шiнiң кас­ка­сы (шлем)
да­на
1
8
Өрт сөн­дiру­шiнiң етi­гi
жұп
1
9
Өрт сөн­дiру­шi бал­та­сы­ның бел­дiк қа­бы
да­на
1
10
Ре­зең­ке етiк
жұп
1
Ескертпе:
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері өндiрiстiк қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, осы нормалар бойынша арнайы киiм-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етіледі.

1.3 Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі

Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерге қойылатын
рұқсат беру талаптарына
3-қосымша
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі
Ла­у­а­зым ата­уы
Бі­лік­ті­лі­гі
1
2
Қыз­мет (жа­сақ) ба­стығы және оның орын­ба­сар­ла­ры, өрт сөн­ді­ру бө­лі­мі­нің ба­стығы және оның орын­ба­сар­ла­ры
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім неме­се ор­та тех­ни­ка­лық бі­лім, мем­ле­кет­тік өрт­ке қар­сы қыз­мет ор­ган­да­ры­ның бас­қа­ру ап­па­ра­ты­ның неме­се өрт сөн­ді­ру бө­лім­ше­ле­рі­нің бас­шы ла­у­а­зым­да­рын­да ке­мін­де 3 жыл жұ­мыс өті­лі.
Өрт сөн­ді­ру бе­ке­ті­нің ба­стығы және оның орын­ба­са­ры
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім неме­се ор­та тех­ни­ка­лық бі­лім, өрт­ке қар­сы қыз­мет­тің бас­қа­ру ап­па­ра­ты­ның неме­се бө­лім­ше­ле­рі­нің ла­у­а­зым­да­рын­да ке­мін­де 1 жыл жұ­мыс өті­лі*
Қа­ра­уыл ба­стығы (ауы­сым ба­стығы)
Ор­та тех­ни­ка­лық бі­лім, өрт­ке қар­сы қыз­мет бө­лім­ше­ле­рін­де­гі ла­у­а­зым­дар­да ке­мін­де 1 жыл жұ­мыс өті­лі*, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Өрт­тің ал­дын алу аға нұс­қа­у­шы­сы
Ор­та тех­ни­ка­лық бі­лім, өрт­ке қар­сы қыз­мет бө­лім­ше­ле­рін­де­гі ла­у­а­зым­дар­да ке­мін­де 1 жыл жұ­мыс өті­лі*, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Өрт­тің ал­дын алу нұс­қа­у­шы­сы
Ор­та бі­лім, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Газ-тү­тін­нен қор­ғау қыз­ме­ті­нің ше­бе­рі
Ор­та бі­лім, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен және сығ­ы­л­ған ауа­да­ғы ап­па­рат­тар­да жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­са­ты бар.
Бө­лім­ше ко­ман­ди­рі
Ор­та бі­лім, өрт­ке қар­сы қыз­мет бө­лім­ше­ле­рін­де­гі ла­у­а­зым­дар­да ке­мін­де 1 жыл жұ­мыс өті­лі*, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Аға өрт сөн­ді­ру­ші (құт­қа­ру­шы), өрт сөн­ді­ру­ші (өрт сөн­ді­ру­ші құт­қа­ру­шы)
Ор­та бі­лім, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­би­лі­нің жүр­гі­зу­ші­сі (аға жүр­гі­зу­ші)
Ор­та бі­лім, «С» са­на­тын­да­ғы жүр­гі­зу­ші ку­ә­лі­гі осы са­нат бой­ын­ша ке­мін­де 1 жыл ав­то­мо­биль жүр­гі­зу тә­жі­ри­бе­сі­мен, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Ра­дио­те­ле­фо­нист 1
(бай­ла­ныс бе­ке­ті­нің дис­пет­че­рі)
Ор­та бі­лім, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу 2 ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
* мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы не мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жүйесіндегі жұмыс кезеңі өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі жұмыс өтілі деп есептеледі.

2 Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 13 шілдедегі
№ 513 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 110 бұйрығымен
бекітілген
Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары

1 1. Осы сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары (бұдан әрі - рұқсат беру талаптары) сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша жұмыстарды орындауға сәйкестігін анықтау мақсатында әзірленген.

2 2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін сараптама ұйымына мынадай рұқсат беру талаптары қойылады:

1 1) штатта мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келетін кемінде үш маманның болуы:

өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы;
басқа да жоғары білімінің және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы;

2 2) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде сараптама ұйымына тиесілі үй-жайдың болуы.

Қолданыстағы