Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Жаксынском районе

Қаулы · № а-7/229 · қабылданған 20.07.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124073/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Жаксынском районе Күшін жойған Қаулы ·№ а-7/229 ·20.07.2018
15.02.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Жаксынском районе

Күшін жойған Қаулы ·№ а-7/229 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Жаксынском районе
Атауы (қаз.)
Жақсы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-7/229
Қабылданған күні
20.07.2018
Көрсетілген редакция
15.02.2019 124073_390352.kaz
Соңғы өзгеріс
15.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18BM006759
ЭКБ идентификаторы
124073
Редакция идентификаторы
124073_390352
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:41

0 Жақсы ауданында қоғамдық

тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен тәртібін,
сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының
мөлшерін айқындау туралы
«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2- тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жақсы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Ш. Сейдахметоваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер
департаменті Жақсы ауданының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы
С. Бектурсинов
«20» 07 2018 жыл

4 Жақсы ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «20» 07
№ а-7/229 қаулысына
қосымша
Жақсы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1-тарау. Көтермелеудің түрлері

1 1. Жақсы ауданы әкімінің алғыс хаты.

2 2. Ақшалай сыйақы.

2 2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

3 3. Осы тәртіп Жақсы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

4 4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Жақсы ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.

5 5. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Жақсы ауданының ішкі істер бөлімі» (бұдан әрі – ІІБ) мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

6 6. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

7 7. Ақшалай сыйақыны төлеуді ІІБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

8 8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін ІІБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрық шығарылады.

9 9. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, Жақсы ауданы әкімінің алғыс хатын табыстау ІІБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

10

10. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Қолданыстағы